Блог статистикасы
195
Жазбалар
4731
Өтініштер
183304
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

2016 жылғы 5 шілдедегі № 43 мәслихаттың шешіміне өзгерістер енгізу туралы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы»

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабының 2-3 тармағына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Әулиекөл аудандық мәслихаты                   ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Мәслихаттың 2016 жылғы 5 шілдедегі № 43 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

Әлеуметтік көмек көрсетуде, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын көрсетілген шешіммен бекітілген:

7-тармағы 4) тармағының жаңа редакциясында жазылсын:

4) Тұлғаларға оқытуға байланысты Қазақстан Республикасының оқу орындарында білім алу, олардың ішінен:

Төмен табыстары бар отбасылардың жастарына соңғы оң екі айда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейі шамасынан (бұдан әрі – ең төмен күнкөріс деңгейі шамасынан), сондай-ақ жергілікті бюджет қаражаты есебінен оқуын жалғастыратын жастар (балалар үйінің түлектеріне, жетім балаларға және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы және толық емес отбасылары) халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататын жастарға табыстарын есепке алмай, нақты білім беру ұйымында оқу құнының бастапқы орта білімнен кейінгі және жоғары білімді алуға байланысты;

Мүгедектерге, оның ішінде мүгедек балаларға, табыстарын есепке алмай, сатып алатын бастапқы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру бойынша мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына нақты ақы төлеу үшін білім алумен байланысты.

Мүгедектер, оның ішінде мүгедек балалар оқуға ақы төлеуге әлеуметтік көмек алған, мүгедекті жеке бағдарламасына оңалтудың сатып алатын білімі бойынша ұсыныстар ұсынылған, көмек тағайындалған күннен бастап үш ай ішінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне оқудың нақты құның төлеу туралы құжат беріледі.

Мемлекеттік бюджеттен өзге де төлемдерді алушылар білім беру ұйымдарына оқуды төлеуге бағытталғандарға, білім гранттарының иегерлерін қоспағанда, оқу жылында екі бөлікпен әлеуметтік көмек 400 айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшерде төленеді;

2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.


Сессия төрағасы

Аудандық мәслихат хатшысы

хат жіберу