Блог статистикасы
195
Жазбалар
4568
Өтініштер
178585
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Мәслихаттың 2018 жылғы 21 желтоқсандағы №250 «Әулиекөл ауданының 2019-2021 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

1-қосымша

2-қосымша

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

Салыстырмалы кесте


2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан   Республикасы Бюджет кодексінің 104 және 106- баптарына сәйкес Әулиекөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Мәслихаттың 2018 жылғы 21 желтоқсандағы №250 «Әулиекөл ауданының 2019-2021 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде                          №8185 тіркелген, 2019 жылғы 3 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1- тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Әулиекөл ауданының 2019 - 2021 жылдарға арналған аудан бюджеті тиісінше 1, 2 және 3- қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2019 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 6 831 877,0 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша – 817 874,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша – 19 514,0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 4 200,0 мың теңге;

трансферттер түсімдері бойынша – 5 990 289,0 мың теңге;

2) шығындар – 6 874 347,1 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 128 468,0 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 170 437,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 41 969,0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0,0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 170 938,1 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –

170 938,1 мың теңге.»;

көрсетілген шешім мынадай мазмұндағы 9-1-тармағымен             толықтырылсын:

«9-1. 2019 жылға арналған аудан бюджетінде 2018 жылы пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) 1010,0 мың теңге сомасында нысаналы трансферттердің қайтарылуы көзделсін.»;

көрсетілген шешімнің 1 және 5-қосымшалары осы шешімнің 1 және                     2- қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.


хат жіберу