Блог статистикасы
195
Жазбалар
4797
Өтініштер
186609
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Әкімдіктің 2019 жылғы 28 мамырдағы № 100 «Қауымдық сервитут белгілеу туралы» қаулысының күші жойылды деп тану туралы

«Құқықтық актілер туралы»2016 жылғы 6 сәуірдегіҚазақстан Республикасының Заңына сәйкес Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Әулиекөл ауданы әкімдігінің «Қауымдық сервитут белгілеу туралы»2019 жылғы 28 мамырдағы № 100 қаулысының (2019 жылғы 11 маусымдаҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтықактілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8491 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

2. «Әулиекөл ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

          1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

          2) осы қаулыны мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

          3) осы қаулы ресми жарияланғанынан кейін Әулиекөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Әулиекөл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік
он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

хат жіберу