Блог статистикасы
195
Жазбалар
4720
Өтініштер
182797
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Әкімдіктің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 42 «Сайлау алдындағы үгіт жүргізуге барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының
28-бабының 6-тармағына сәйкес Әулиекөл ауданының
әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:    

1. Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 42 «Сайлау алдындағы үгіт жүргізуге барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы» қаулысына («Әулиекөл» газетінде 2015 жылғы 9 сәуірде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5448 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

     көрсетілген қаулының қосымшасында реттік нөмірі 1 жолы жаңа редакцияда жазылсын:

«

1. Әулиекөл ауылы

Шақшақ Жәнібек батыр көшесіндегі «Төлеңгіт» базарына қарама - қарсы стенд»

 

Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Әулиекөл аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ғимаратының жанындағы стенд

 

Алтынсарин көшесіндегі «Радуга» дүкенінің жанындағы стенд»

 

«Шақшақ Жәнібек батыр атындағы көшесіндегі «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы кеңсесінің жанындағы стенд.

».

2. «Әулиекөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

         1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

         2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

        3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Әулиекөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

        4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік
он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

хат жіберу