Блог статистикасы
195
Жазбалар
4807
Өтініштер
187329
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Калмаков Ерлан Болатович
Руководитель управления культуры

Байланыс ақпараты

Почтовый адрес: Республика Казахстан, Костанайская область г.Костанай, пр. Аль-Фараби, 60 Тел./факс: +7(714-2) 57-53-20 E-mail:

Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Калмаков Ерлан Болатович
Руководитель управления культуры

Байланыс ақпараты

Почтовый адрес: Республика Казахстан, Костанайская область г.Костанай, пр. Аль-Фараби, 60 Тел./факс: +7(714-2) 57-53-20 E-mail:

Карантин белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35 - бабына, «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1- бабының 8) тармақшасына сәйкес және «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Әулиекөл аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі басшысының 2019 жылғы 01 сәуірдегі № 01-23/99 ұсынысының негізінде, Қ.Тұрғымбаев ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Қ. Тұрғымбаев ауылында жеке Ермұханов Сайранхан Қабдыбекұлының ауласы аумағының ірі қара малының құтыруы бойынша қалайсыз деп жариалануна байланысты карантин белгіленсін.

2. «Әулиекөл ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Әулиекөл аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қостанай облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Әулиекөл аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізуге қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізу ұсынылсын.

3. «Қ. Тұрғымбаев ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қамтамасыз етсін:

1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы шешімнің көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық

құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы шешімнің көшірмесін мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Әулиекөл ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз ету.

4) осы шешімді Әулиекөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына ресми жарияланғаннан кейін орналастыру.

4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

М.Досмұрзин

хат жіберу