Блог статистикасы
195
Жазбалар
4942
Өтініштер
198067
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 9 Апреля 2018

V облыстық «Сөз құдіреті» мәнерлеп оқу байқауының аудандық кезеңі

V облыстық «Сөз құдіреті» мәнерлеп оқу байқауының  аудандық кезеңі

        Заманауи қазақстандық авторлардың шығармаларын дәріптеу, жасөспірімдердің қазақстандық әдебиетке қызығушылығын арттыру, балалардың оқырмандық ой-өрісін кеңейту мақсатында 2018 жылғы  05 сәуірде аудандық балалар кітапханасында V облыстық «Сөз құдіреті» мәнерлеп оқу байқауының аудандық кезеңі өтті.
Байқаудың ұйымдастырушылары - Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы, Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы. Осы жылы байқау  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтіп, Астананың 20 жылдығын мерекелеуге  және авторлық құқық пен Дүниежүзілік кітап күніне  орайластырылған.
         Бұл байқау Қазақстан жазушыларының прозалық шығармаларынан үзінділерді жаттап айту бойынша  жасы 12-13 аралығындағы балалар арасындағы ұйымдастырылды. Поэзияға қарағанда прозаны оқудың қиындығына қарамастан, барлық қатысушылар тапсырманы ойдағыдай орындап шықты. Әр қатысушының орындалуы өзінше қызықты болды. Көбі жұршылықтың алдына алғаш шыққандықтан ба, үрейлену сезімдері көрініп тұрса да, өз таңдаған шығармаларының мазмұнын жеткізе білуге тырысты. Іс-шараға қатысқан әр оқушы жеңіске лайықты деп танылды, ешкім ескерусіз қалған жоқ. Қазақ тіліндегі шығармашылықты үздік орындаған  Сьянов атындағы орта мектептің оқушысы  Серғалиев Нұрсұлтан «Мұра» номинациясына, Москалев ОМ   «Бала жүрегі» монологын орындаған  Зейнолла Эльвира «Әртістік шеберлігі» номинациясын иеленсе, шығарманы шебер таңдағаны үшін Максим Зверевтың  «Хорек и лиса»  әңгімесін оқыған Ш.Уалиханов атындағы орта мектептің оқушысы Кабдуллина Ділназ марапатталды. Новоселов ОМ оқушысы Буженова Нұрайым  шығармашылык жағынан образ жасаған «Үздік бейне» номинациясын алды. С.Баймағамбетов  атындағы мектеп-гимназиясының оқушысы Сейдахметова Саяна  «Кітапхана таңдауы», ал мектеп-гимназияның оқушысы Грицак Елизавета және  №2Аманқарағай ОМ оқушысы Бектасова Елдана конкурсқа қатысқандары үшін грамоталармен марапатталды.
Қазылардың бірауыздан таңдаулары бойынша Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің оқушысы Құмар Жандос оқыған  «Бүлдірген тере барғанда» әңгімесі жеңімпаз болып танылды. Ол біздің ауданымыздың атынан   Ы.Алтынсарин атындағы балалармен-жасөспірімдер кітапханасында 20 сәуірде өтетін Облыстық «Сөз құдіреті» мәнерлеп оқу байқауына қатысады. Жеңімпазымызды құттықтай отырып, сәттілік тілейміз. Іс-шараға аудандық  «Әулиекөл» газетінің өкілі және  көрермендерм қатысты. (10 адам). Байқау  туралы мақала газет бетінде жарияланатын болады.

хат жіберу