Блог статистикасы
195
Жазбалар
5130
Өтініштер
207233
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

ПРЕСС-РЕЛИЗ

Әулиекөл аудандық мәслихат шешім жобасына «Мәслихаттың 2016 жылғы 5 шілдедегі № 43 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

«Әулиекөл ауданы әкімінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-мен «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 5 шілдедегі № 43 мәслихат шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім жобасы әзірленді».

Осы жобаны әзірлеудің мақсаты Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске үлес қосқан Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға біржолғы әлеуметтік көмек төлеу мөлшерін өзгерту болып табылады.

Жоба «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі №2247 Заңының 5-бабына сәйкес әзірленді.

Осы нормативтік құқықтық актісінің жобасы қарастырады:

Өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтардың жекелеген санаттарына, сондай-ақ мерекелік күнге азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы әлеуметтік көмек төлеу

Шешім жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкелмейді.

хат жіберу