Блог статистикасы
195
Жазбалар
4922
Өтініштер
193308
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
  • Хабарландыру! 2015 жылдың 12 желтоқсанында сағат 11.00-де ауыл тұрғындарының Спортивная көшесінің атауын Ж.Ж.Сұлтанов атымен қайта өзгерту бойынша жиын өтетіндігін хабарлайды.
Басу хат жіберу 5 Ноября 2015

Хабарландыру! 2015 жылдың 12 желтоқсанында сағат 11.00-де ауыл тұрғындарының Спортивная көшесінің атауын Ж.Ж.Сұлтанов атымен қайта өзгерту бойынша жиын өтетіндігін хабарлайды.

Құрметті Әулиекөл ауылының тұрғындары! «Әулиекөл аулының әкімінің аппараты» ММ 2015 жылдың 12 желтоқсанында сағат 11.00-де ауыл тұрғындарының Спортивная көшесінің атауын Ж.Ж.Сұлтанов атымен қайта өзгерту бойынша жиын өтетіндігін хабарлайды. Өтетін орны: Әулиекөл ауылы, 1 Мая көшесі, 37 «а» (Әулиекөл бастауыш мектебінің акт залы). Сұлтанов Жағыпар Жақсылықұлы Сұлтанов Жағыпар Жақсылықұлы 1924 жылы Семиозер ауданының Құсмұрын колхозында дүниеге келді. 1942 жылы Қостанай облысының Семиозер ауданының әскери комиссариатымен Кеңес әскерінің қатарына шақырылды. Майданда миномет взводының старшина, командирі болды. Әскери қызмет үшін екі рет «Қызыл Жұлдыз» орденімен, үш рет «Ерлік үшін», «Германияны Жеңген үшін», «Кенисбергті алғаны үшін» медальдармен марапатталды. 1947 жылы әскер қатарынан шақырылды. Соғыстан кейін Құсмұрын колхозында төраға орынбасары болып тағайындалды. Раздольный совхозында парторг қызметінде болды. Одан кейін Наурзым ауданының Көктал совхозының басқарушысы міндетін атқарды. «Тың және тыңайған жерлерді игеру үшін» медалімен марапатталды. Оның 9 баласы мен 22 немересі тәуелсіз Қазақстанымыздың игілігі үшін еңбек етуде. Жағыпар Жақсылықұлы 41 жасында дүние салды.

хат жіберу