Блог статистикасы
195
Жазбалар
4419
Өтініштер
175299
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Алғыс

Алғыс

Менің Отаным – Қазақстан


Мемлекет басшысы еліміздің басты байлығы мен басты жетістігі Қазақстанды мекендейтін халық пен этностардың достығы және бірлігі деп әрдайым айтады. Бұл мереке қазақстандықтардың жас буыны өз елінің тарихын жадынан шығарып алмауы үшін, еліне деген махаббат пен сыйластық рухымен тәрбиеленуі үшін енгізілген.

Аудандық ауыл шаруашылығы колледжінде өткен мерекелік іс-шараға колледж оқытушылары мен студенттері қатысып, балалар мен жасөспірімдер «Үміт» баспанасының тәрбиеленушілері шақырылды.

Колледж директорының орынбасары Римма Наговицына бұл адамдардың бір-біріне ризашылық білдіретін мерекесі екенін айта келіп, бір-бірімізді сыйлап, құрметтеп жүрейік деген игі тілегін білдірді.

Өнерпаз балалар Лариса Ольховская «Ертегілер», Юлия Вильчинская «Между нами любовь» әндерін орындаса, биші ұл-қыздар «Бэтман» және «Арива» флешмоб ұсынды. Көрермендер концерттік бағдарламаның әр нөмірін ду қол шапалақтап қарсы алып, риза болды. Соңынан баспана тәрбиеленушілермен бірге суретке түсті, тәтті торт сыйлады. Осы іс-шара арқылы студенттер өзара достық пен ынтымақтастықтың жарқын белгісін көрсетті.

Іс-шара колледж әдіскері Гүлдана Бекенованың ұйымдастыруымен бірінші 92-тас қалаушылар және 93-аспаздар топтары студенттерінің қатысуымен өткізілді.

 

Жұмакүл ХАКІМЖАНОВА

Суретті түсірген автор

 

хат жіберу