Блог статистикасы
195
Жазбалар
4720
Өтініштер
182741
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың назарына!

«Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қатысты Валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидалары,Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидалары, Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды мониторингтеу қағидалары, «Шетелдік қаржылық емес ұйымдардың Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын филиалдарының (өкілдіктерінің) ақпарат ұсыну қағидалары 2019 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді.

Валюталық заңнамаға өзгерістер енгізудің мақсаттары:

- валюталық операциялардың статистикалық мониторингін қамту аумағын кеңейту, оның ішінде валюталық реттеу режимдерін оңтайландыру;

- Қазақстан аймақтарында шетел валютасыменесеп айырысудықысқарту;

- жаңа талаптарға сәйкестендіру (АХҚО, Хоргос, басқа да).

Енгізілген негізгі жаңартулар:

- шетел ұйымдарының филиалдары менөкілдері үшін валюталық резиденттіліктің мәртебесі өзгереді, оның ішінде, ҚР тұрақты мекемесі бар шетел банктерінің және сақтандыру ұйымдарының(Салық заңнамасына тәріздес);

-2019 жылғы1 шілдеден бастап 50 мың АҚШ долларынан артықэквивалентті сомасында жұмыстарды/қызметтерді көрсетукелісімшарттарына есептік нөміртағайындалады. 2019 жылғы 1 шілдеден бастап осындай шарттар бойынша төлемдерді/аударымдарды жүргізбес бұрын, міндетті түрде уәкілеттік банкте есептік нөміртағайындап алу қажет.

- тауарға, жұмысқа, қызметке келісімшартыныңсомасыболмаған жағдайда, ол шартесептік тіркеуге жатады деп есептеледі.

-шартқақызмет көрсетуші банкті басқасына ауыстырған жағдайда, уәкілеттік банкте берілген шарттыңалғашқыесептік нөміріөзгермейді.

- ҚР Ұлттық Банкі тағайындағанесептік нөмірді талап ететін капитал қозғалысының шартыбойынша (жылыстауыда,келіп түсуі де) 500 мың АҚШ доллары мөлшерінде шектеулі бірдейсома белгіленген (тіркеу куәлігі және хабарландыру туралы куәлігі тәріздес).

-заңды тұлғалар-резиденттер шетел банктерінде банктік және аллокирленбеген (иесіз) металл шоттарын ашқаны туралы ҚРҰБ-інің есептік нөмірітағайындалған операцияны жүргізбес бұрын хабарлау қажеттілігі енгізілді.

2019 жылғы 1 шілдеден бастап заңды тұлға-резиденттердіңбір операциялық күннің ішіндебір уәкілетті банктен ұлттық валютаға 100 мың АҚШ долларынан аспайтын сомаға эквиваленттіқолма қол шетел валютасынсатып алу мүмкіндігі болады, егер олшетел валютасындағы міндеттемелерін орындау мақсатында болмаса.

Шетел валютасындағы міндеттемелерді орындау мақсаттарына шетел банктеріндегі жеке шоттарына шетел валютасын аудару, шетел валютасындағы өтеусіз трансферттер, сонымен қатар,шетел валютасын уәкілеттік банктердің шоттарына орналастыру жатады.

Жоғарыда көрсетілген нормативтік құқықтық актілерімен толығырақ Ұлттық Банктіңресми сайтында танысуға болады.

Туындаған сұрақтар бойынша қызмет көрсетуші банкке, сондай-ақ, Ұлттық Банктің Қостанай филиалынамына телефон нөмірлері арқылы хабарласуға болады: 8(7142)990917, 990918, 990914.

хат жіберу