Блог статистикасы
195
Жазбалар
4807
Өтініштер
187344
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Сақтандыру - қаржылық қорғау құралы

Сақтандыру дегеніміз не?

Сақтандыру қаржылық қорғауды немесе басталу мүмкіндігі мен кездейсоқтық белгілері бар бір қатар жағдайлар үшін өтемақы алуды білдіреді, мысалы:

  • қайтыс болған жағдайда;
  • жазатайым жағдайда;
  • толық немесе iшiнара (уақытша) еңбек ету қабiлеттілігінен айырылған жағдайда;
  • қатты ауырған жағдайда;
  • меншік мүлкінен айырылған жағдайда (өрт, су басу және т.б.);
  • мүлкін (автомобиль) зақымданған жағдайда;
  • шарт бойынша міндеттемелерді орындамаған жағдайда.

Мұндай жағдайда сақтандыру компаниясы (немесе сақтандырушы) Сіздің сақтандыру полисіңізде белгіленген мөлшерде Сіздің шығыныңызға өтемақы төлейді.

 

Сақтандыру қажеттілігі

Сақтандыру шығындардың орнын толтыру үшін қаражатты талап ететін күтпеген жағдайларда тәуекелдерді басқарудың қажетті шаралардың бірі болып табылады.

Сіз сақтандыру полисін иелене отырып, қаржылық тәуекелді сақтандырушыға (сақтандыру компаниясына) ақы (сақтандыру сыйлықақы) үшін аударасыз.

Қазақстан Республикасындағы сақтандыру салалары

  • Өмiрдi сақтандыру:

1) өмiрдi сақтандыру;

2) аннуитеттiк сақтандыру;

  • Жалпы сақтандыру:

1) жазатайым жағдайлардан сақтандыру;

2) ауырған жағдайдан сақтандыру;

3) автомобиль көлiгiн, темiр жол көлiгiн, әуе көлiгiн, су көлiгiн сақтандыру;

4) жүктердi сақтандыру;

5) мүлiктi залалдан сақтандыру;

6) автомобиль көлiгi; әуе көлiгi; су көлiгi иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру;

7) қарыздарды сақтандыру;

8) ипотеканы сақтандыру;

9) кепілдіктер мен кепілгерліктерді сақтандыру;

10) қаржы ұйымдарының шығындарын сақтандыру;

11) басқа да қаржы шығындарынан сақтандыру;

12) сот шығыстарынан сақтандыру;

13) титулдық сақтандыру (сақтанушыға мүлікке меншік құқығы тоқтатылған жағдайда мүліктік мүддесіне келтірілген зиянға ішінара немесе толық өтемақы мөлшерінде сақтандыру төлемі жүргізілген кезде). 

Ең көп таралған сақтандыру сыныптарының қысқаша мазмұны

·         Өмірді сақтандыру

Сақтандырылушы қайтыс болған/ол сақтандыру мерзiмi аяқталғанға дейiн немесе сақтандыру шартында белгiленген жасқа дейiн өмiр сүрген жағдайларда сақтандыру түрлерiнiң жиынтығы.

·         Жалпы сақтандыру

      Көптеген жағдайлар бойынша: мүлік жоғалған, жылжымайтын мүлік немесе автокөлік зақымданған кездегі шығыстардың орнын толтыруды көздейді. Бұл ретте сақтандырушы полисте көрсетілген соманы не шығыстардың ішінара орнын толтыру сомасын төлейді.  

·         Жазатайым жағдайлардан сақтандыру

Жазатайым жағдайдың, кәсіби аурудың салдарынан қайтыс болған, еңбек ету (жалпы немесе кәсіптiк жағынан) қабiлеттілігінен (толық немесе iшiнара) айырылған жағдайларда сақтандыру түрлерiнің жиынтығы.

·         Ауырған жағдайдан сақтандыру

Ауруына және денсаулығының өзге де бұзылуына байланысты сақтандыру түрлерiнің жиынтығы.

·         Көлік құралдарын сақтандыру

Көлiк құралын иеленуге, пайдалануға, оған билiк етуге байланысты, айдап әкетуді немесе ұрлауды қоса алғанда, сондай-ақ оның зақымдануы немесе жойылуы салдарынан келтiрiлген залалға өтемақы төлеу жағдайларда сақтандыру түрлерiнiң жиынтығы.

·         Мүлікті сақтандыру

Мүлікті иеленуге, пайдалануға, оған билiк етуге байланысты, оның зақымдануы немесе жойылуы, ұрлану салдарынан келтiрiлген залалға өтемақы төлеу жағдайларда сақтандыру түрлерiнiң жиынтығы.

·         Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру

Тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін қоса алғанда, үшiншi тұлғаларға көлiк құралын пайдалануға байланысты келтiрген залалды өтеу мiндетіне байланысты тұлғаның мүлiктiк мүдделерiне келтiрiлген сақтандыру түрлерiнің жиынтығы.

·         Қарыздарды сақтандыру

Сақтанушының, (қарыз алушының) кредитор алдындағы міндеттемелерін орындамауы салдарынан кредиторға шығын келтірілуі кезінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруды  көздейді.

·         Ипотеканы сақтандыру

Ипотекалық тұрғын үй қарыз бойынша кепілдік мүлік болып табылатын тұрғын үйдің нарықтық құны төмендеген жағдайда қарыз алушының ипотекалық тұрғын үй қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындамауы салдарынан кредитордың мүліктік мүдделеріне залал келтірілген жағдайда сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруды көздейді.

 

Қолайлы сақтандыру сыныбын таңдау

Қазіргі таңда сақтандыру түрлерінің ұлғаюына орай адам өз өмірі мен өзінің жақындарының өмірін көптеген күтпеген жағдайлардан толығымен қауіпсіздендіре алады. Сондықтан қолайлы сақтандыру түрін белгілеу үшін Сізге мыналарды ескеру қажет:

- жеке тәуекелдердің тізімін жасау (Сізге келтірілетін қаржылық залалды ескере отырып);

-  қаржылық шығындардың орны толтыру нұсқаларын ойластыру;

- Сізде бар сақтандыру полистерін зерделеу;

- артық шығынсыз өз кірістерін ескере отырып, полисті таңдау (өмірді сақтандырудың бағасы Сіздің өміріңіздің бағасы болып табылмайды).

Сонымен бірге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сақтандыру компаниясы қолайлы сақтандыру сыныбын таңдау мәселесін жеңілдететін екі және одан да көп сақтандыру сыныптарының белгілері мен мазмұны үйлестірілген (лицензия болған кезде) сақтандыру түрін әзірлеуге құқылы.

Сақтандыру жөнінде кеңестер

  • Ақпарат жинауҚазақстан Республикасында жұмыс істейтін сақтандыру компаниялары тізбесін жасаңыз (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің  www.nationalbank.kz  сайтында орналастырылған);
  • Мұқият таңдаңыз – Сізге сақтандыруға қажет тізбесін жасаңыз және оны сақтандыру ұйымдары ұсынатын полистермен салыстырып шығыңыз;
  • Абай болыңыз – анық емес ақпаратпен негізделген полиске қол қоймаңыз, бұл ретте ол жарамсыз болып танылуы мүмкін және сақтандыру төлемін алуға мүмкін болмайды;
  • Көз жеткізіңіз – Сіз қарым-қатынас жасайтын сақтандырушыда уәкілетті органның қажетті лицензиясы бар екеніне;
  • Есте сақтаңыз – арзан сақтандыру ұйымдары төмен баға ұсына отырып, өте осал сақтандыру қорғауды ұсынады;
  • Адал болыңызполисті ресімдеген кезде сақтандырушыға барлық жақтарын ашу қажет, себебі кейіннен дәйексіз ақпарат ұсынуға байланысты сақтандыру төлемінен бас тартуы мүмкін;
  • Ерекшеліктерді тексеріңіз – Сіздің полисіңіздің сақтандыру өтеуіне не кіретінін сұрастыру қажет;
  • Өзіңіздің сақтандыру полисіңізді жаңартыңыз – ескі полистің мерзімі аяқталған соң немесе Сізде қандай да бір өзгерістер туындаған жағдайда уақытылы шаралар қабылдау қажет;
  • Сақтандыру брокерінің қызметі – сақтандыру брокеріне сақтандыру мәселелері бойынша консультация алуға болады  (тізім Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің  www.nationalbank.kz сайтында орналастырылған);
  • Сақтандыру омбудсманының қызметі – көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын Сіз және сақтандырушының арасындағы өзара қарым-қатынастарды реттеуге мүмкіндік жасайды.

Полисті ресімдеуге өтінімді қалай беруге болады?

Өтінімді беру кезінде қажетті құжаттар:

  • өтінім нысаны;
  • жеке басын куәландыратын құжаттар;
  • сақтандыру компаниясы сақтандыру шартын жасау үшін талап ететін құжаттар.

Сақтандырушы барлық құжаттарды алғаннан кейін оларды өңдейді және кейіннен түпкілікті нәтиже туралы хабарлайды. Кейбір жағдайларда сақтандыру компаниясы сақтандыруға тәуекелді қабылдау мүмкіндігін айқындау үшін үшінші тұлғаларды тарту қажеттігі болады.

Өтінімді толтыру жөніндегі нұсқаулықты сақтандыру компанияларының сайттарынан табуға болады.

Сақтандыру төлемін алу үшін Сіз:

  • Сіздің сақтандырушыңызға шартта/полисте белгіленген мерзімде дереу әрі толық хабарлауға;
  • дәйекті мәліметтерді ғана хабарлауға;
  • шарт/полис бойынша талап етілетін құжаттарды қоса беруге;
  • сақтандырушыға, сондай-ақ сақтандыру жағдайын тергеуге тартылған үшінші тұлғаларға (дәрігерлер, тергеушілер, бағалаушылар) көмек көрсетуге тиістісіз.

Жаңылыс ақпарат ұсынылған жағдайда Сіздің өтініміңізді қараудан бас тартылады.

Кеңес пен түсінідрме қажет болғанда, сондай-ақ құқықтарыңыз бер мүдделерініз бұзылған жағдайда ҚР Ұлттық Банкі Қостанай филиалына  жүгінуіңізге болады. Мекен-жайымыз: Қостанай, қаласы, Баймағамбетов көшесі, 195, тел: 99-09-19, 99-09-20, е-mail: kost_80@nationalbank.kz,  және «НБК Online» мобильді қосымша арқылы

 

            ҚР Ұлттық Банкінің

Қостанай филиалы

хат жіберу