Блог статистикасы
195
Жазбалар
4720
Өтініштер
182743
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Уәкілетті ұйымдармен «электронды үкімет» веб-порталы арқылы қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензия алу

Қазіргі уақытта, «Уәкілетті ұйымдарға қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру бойынша  қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету үрдісі автоматтандырылған, қызмет алушыларда www.egov.kz «электронды үкімет»  веб-порталы арқылы аталмыш қызметті электронды түрде пайдалану мүмкіндігі бар.

Мемлекеттік қызметті электронды түрде алу үшін қызмет алушыға электрондық цифрлік қолтаңба алу қажет, www.egov.kz «электрондық үкімет» веб -порталында («Е-лицензиялау – www.elicence.kz мемлекеттік ақпарат базасында)  тіркеліп, қажетті электронды мемлекеттік қызметті таңдап, өтініш беру, оның құрылымы мен форматын ескере отырып, электрондық нысаның толтырып (деректерді енгізіп), қажетті құжаттарды тіркеп және электронды цифрлік қолтаңбасымен арызға қол қойып жіберу қажет.

Уәкілетті ұйымдарды (оған берілген лицензияға немесе Қазақстан Республикасының заңымен берілген құқыққа сәйкес шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру құқығы бар заңды тұлға) лицензиялау шарттары және тәртібі, біліктілік талаптары, құжаттар тізімі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк Басқармасының 2014 жылғы 16.07 №144 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасының қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру Ережелерінде қарастырылған.

 Мемлекеттік қызметті электронды түрде алу артықшылығы қызметті алумен байланысты уақытты қысқарту, орналасқан жеріне қарамастан арызды беру мүмкіндігі (жұмыста, үйде және т.б.), оның өтініші бойынша  жұмыстың әр кезеңінде қызмет алушының хабардар болуы, мемлекеттік қызмет кезекте тұрмай көрсетіледі.

Қызмет алушы «электронды үкімет» веб-порталында «жеке кабинет» арқылы жойылған рұқсат режимінде мемлекеттік қызмет көрсету мәртебесі және тәртібі туралы, сонымен қатар мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірегей байланыс - орталығынан ақпаратты алу мүмкіндігіне ие.

www.egov.kz «электронды үкімет» веб-порталының арыздарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру кестесі, жөндеу жұмыстарын жүргізуге қатысты техникалық үзілістерді қоспағанда- тәулік бойы

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері туралы ақпараттар: лицензияны және (немесе) оның қосымшасын беру, қайта рәсімдеу, лицензия дубликаттарын және (немесе) оның қосымшасын беру, немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту жөніндегі дәлелді жауапты қызмет алушының «жеке кабинетіне» қызмет көрсетуші уәкілетті тұлғаның электронды цифрлік қолтаңбасымен расталған электронды құжат үлгісінде жіберіледі.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған: www.nationalbank.kz, «Мемлекеттік қызметтер» бөлігінде, сонымен қатар, Қостанай қаласы Баймағамбетов көшесі 195, 305 кабинет, телефоны: 8(7142) 99-09-18, 99-09-17 мекен жайы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қостанай филиалына жолығуға болады. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша бірегей анықтама – орталығы: 8-800-080-77-77, 1414,

                                                         

        Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қостанай филиалы

хат жіберу