Блог статистикасы
195
Жазбалар
4801
Өтініштер
187054
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Балаларды күтіп-бағуға алименттерден кредиттер бойынша мерзімі өтіп кеткен банктік қарызды өндіріп алуға тыйым салынатыны туралы

Ұлттық Банктің негізгі міндеттерінің бірі - қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың деңгейін көтеруге бағытталған шараларды әзірлеу және қолдану болып табылады. Ұлттық Банктің бастамашылығымен 2006 жылдан бастап қаржылық ұйымдардың клиенттерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау деңгейін көтеруге бағытталған 60 заңды нормалар қабылданды.

Осылайша, Ұлттық Банктің бастамасының біріне - алименттерді төлеу үшін қарастырылған қаражаттардан кредиттік қарыздарды өтеу есебінен алып тастауды жатқызуға болады. Өткен жылы кәмелеттік жасқа толмаған балалардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау мақсатында, Ұлттық Банк қарыз алушының талабы бойынша балаларды күтіп-бағу үшін алименттік төлемдерге бөлек банктік шот ашылған жағдайда, банктік займ шарттары бойынша банктерге банктік берешекті өндіріп алуды қолдануға жол берілмеуін ұсынған болатын.

Нәтижесінде, 2019 жылдың 21 қаңтарында балаларды күтіп-бағуға арналған алименттік төлемдерді өндіріп алу мәселері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

«Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабының, 10-тармағының, 7) тармақшасына сәйкес, төлем талаптары негізінде банктік қарыздар бойынша клиенттердің алименттерді (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаны) есепке жатқызуға арналған банктік шоттарындағы ақшасына өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді.

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 66- бабының, 2-1-тармағына сәйкес, балаларды күтіп-бағуға арналған алименттерді нысаналы пайдалану және оларға өндіріп алуды қолдану мүмкіндігін болғызбау үшін алименттерді алушының немесе оның өкілінің талабы бойынша Қазақстан Республикасының банк заңнамасында белгіленген тәртіппен алименттерді есепке жатқызу үшін банктік шот ашылады.

Осыған байланысты, алименттерді аударуға арналған ақшаны өндіріп алуды қолдану мүмкіндігін болғызбау үшін алиметтерді аудару үшін алимент алушыға банктен бөлек банктік шотты ашу қажет.

Кеңес алу, түсініктемелер алу үшін, сондай-ақ Сіздердің құқықтарыңыз бен мүдделеріңізді бұзған жағдайда, ҚР Ұлттық Банкінің Қостанай филиалына, Қостанай қ., Баймағамбетов көшесі, 195 мекенжайына жолығуыңызға болады.

Тел: 99-09-19, 99-09-20, e-mail: kost_80@nationalbank.kz, сондай-ақ «НБК Online» мобильді қосымша арқылы.

ҚР Ұлттық Банкінің

Қостанай филиалы

хат жіберу