Блог статистикасы
195
Жазбалар
4801
Өтініштер
187054
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

О. Смоляков: «Жеке тұлғалардың валюталық ипотекалық қарыздарын қайта қаржыландыру мерзімі ұзартылды»

Ипотекалық  тұрғын  үй  қарыздарын  (ипотекалық  қарыздарды)  қайта 
қаржыландыру  бағдарламасына жеке тұлғалардың 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін берілген 
валюталық  ипотекалық  қарыздарын  қайта  қаржыландыру  мерзімін  ұзартуды  көздейтін 
өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. 
Бұл  туралы  Қазақстан  Ұлттық  Банкі  Төрағасының  орынбасары  Олег  Смоляков
хабарлады.
«Бағдарлама  талаптарына  сәйкес  келетін  барлық  валюталық  ипотекалық  қарыз 
алушыларды  Бағдарлама  аясында  барынша  қамту  мақсатында  осы  қарыздарды  қайта 
қаржыландыру  мерзімі  2019  жылғы  31  желтоқсанға  дейін,  таратылып  жатқан  «Астана 
Банкі» АҚ және «Qazaq Banki»  АҚ банктеріндегі қарыздарды қайта қаржыландыру мерзімі 
2020  жылғы  31  желтоқсанға  дейін  ұзартылды»,  –  деп  хабарлады  О.  Смоляков.  Ол 
қарыздар Ұлттық Банктің 2015 жылғы 18 тамыздағы бағамы (бір АҚШ доллары үшін 188,35 
теңге) бойынша теңгемен қайта қаржыландырылуға тиіс деп толықтырды.
Ұлттық  Банк басшысының орынбасары Бағдарламаға енгізілген түзетулерді ескере 
отырып, қарыз алушылар  2019 жылғы 15 желтоқсаннан  кешіктірмейтін мерзімде  қайта
қаржыландыруға өтінішпен кредитор банкке жүгінулері қажет. 
«2019  жылғы  1  маусымдағы  жағдай  бойынша  Бағдарлама  шеңберінде  қайта 
қаржыландыруға  64,9  млрд  теңге  сомасына  7 735  валюталық  ипотекалық  қарыз 
мақұлданды,  51,4  млрд  теңге  сомасына  6  283  валюталық  ипотекалық  қарыз  қайта 
қаржыландырылды», – деп статистика келтірді О. Смоляков. 
О.  Смоляков  Бағдарламаны  Ұлттық  Банк  Қазақстан  Республикасының  Тұңғыш 
Президентінің  тапсырмасымен  2015  жылдан  бері  іске  асырып  келе  жатқанын  да  еске 
түсірді.  2004  –  2009  жылдардағы  кезеңде  банктер  берген  және  жалғыз  баспанамен 
қамтамасыз  етілген  қарыздарды  қайта  қаржыландыруға  Ұлттық  Банк  130  млрд  теңге
бөлді.  Бөлінген  қаражаттың  толығымен  игерілуіне  байланысты  қарыздарды  қайта 
қаржыландыру  бұған  қайта  қаржыландырылған  қарыздарды  өтеуге  келіп  түскен  ақша 
есебінен  жүзеге  асырылуда.  Мәселен,  2019  жылғы  1  маусымдағы  жағдай  бойынша 
банктер Бағдарлама шеңберінде қайта қаржыландыруға  165,9 млрд  теңге  сомаға  26 803
қарызды  мақұлдаған,  148,3  млрд  теңге  сомаға  25 249  қарызды  қайта  қаржыландырды, 
қарыз  алушылардың  51,3  млрд  теңге  сомаға  сыйақы,  комиссиялар,  тұрақсыздық  айыбы 
бойынша берешегі кешірілді. 
Бағдарлама  бойынша  түсініктемелер  мен  консультацияларды  Қазақстан  Ұлттық 
Банкінің  Алматы  қ.,  Әйтеке  би  к-сі,  67-үй  мекенжайындағы  қоғамдық  қабылдау 
бөлмесінде,  ҚР  Ұлттық  Банкінің  аумақтық  филиалдарында,  «Кері  байланыс»  нысаны 
арқылы ҚР Ұлттық Банкінің сайтынан алуға болады. 
Толығырақ ақпаратты мына телефондар бойынша алуға болады:
+7 (727) 278 81 04 (ішкі 5571, 5573),
+7 (727) 261 92 13
e-mail: Fingramota@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz 
хат жіберу