Блог статистикасы
195
Жазбалар
4801
Өтініштер
187054
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

2017 жыл қорытындысы бойынша Қостанай облысы қаржы нарығының жағдайы жөнінде

2018ж. 1 қаңтары жағдайына Қостанай облысында 85 құрылымдық бөлімшесі бар 14 екінші деңгейдегі банк филиалы, сақтандыру ұйымдарының 23 филиалы, валюта айырбастау бойынша 36 уәкілетті ұйым, 9 микроқаржы ұйымы өз қызметтерін атқарды.

Несие нарығы

2018 жылғы 1 қаңтар жағдайына облыс банктерінің берген несие көлемі 273,8 млрд.теңгені құрады, бір жылда 12,8%-ға артты. Жалпы несие сомасының 160,5 млрд.теңгесі немесе 58,6%-ы заңды тұлғалардың берешегі, 2017 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда 8,9%-ға артқан. Жеке тұлғалардың берешек көлемі 113,3 млрд.теңгені құрады, 19% өсті.

Несие салымдарының жалпы көлемінен 86%-ы ұзақ мерзімге берілген (1 жылдан аса), бір жыл ішінде ұзақ мерзімді несиелер 17,8% өсіп, қысқа мерзімді несиелердің көлемі 10,2% төмендеді.

2017 жылы облыс банктері 208,5 млрд.теңгеге жаңа несиелер берген, бұл 2016 жылы берілген несие көлемінен 1,4 есе артық. Соның ішінде 117,4 млрд.теңгесі немесе 56,3%-ы корпоративтік секторға берілген.

Салалық кесіндіде қарасақ, көлемі ең көп несие өнеркәсіп пен саудаға берілген – 45,3 млрд.теңге және 41,6 млрд.теңге, құрылыс пен ауыл шаруашылығына – 14,2 млрд.теңге және 14,6 млрд.теңге. берілген несие көлемінің айтарлықтай үлесі жеке тұлғаларға берілген – 84,8 млрд.теңге немесе 40,6%-ы. 2016 жылмен салыстырғанда өнеркәсіпті несиелеу 17,6%-ға, ауыл шаруашылығын несиелеу 1,8 есеге, сауданы несиелеу көлемі 43%-ға өскен, ал құрылысты несиелеу 24,7%-ға төмендеген.

Шағын бизнеске берілген несие көлемі 50,4 млрд.теңгені құрады, бұл 2016 жылға қарағанда 5,7%-ға артық. 2017 жылы 31,7 млрд.теңге жаңадан несие берілді, бұл 2016 жылдан 17,9% артық.

Берілген несие бойынша орташа мөлшерлеме 2016 жылға қарағанда 15,2%-дан 14,7%-ға дейін төмендеген, оның ішінде, шағын бизнесте 16,1%-дан 14,5% -ға дейін.

Ипотекалық несиелер бойынша берешек бір жыл ішінде 21,5% өсіп, 31,6 млрд.теңгені құрады. 2017 жыл бойынша 12,6 млрд.теңгеге ипотекалық қарыз берілді, бұл 2016 жылға қарағанда 2,4 есе артық.

2018 жылғы 1 қаңтарына тұтынушылар несиесі бойынша берешек 70 млрд.теңгені құрады, 2016 жылмен салыстырғанда 22,8% артты. 71,6 млрд.теңгеге жаңадан несие берілді, бұл 2016 жылға қарағанда 1,6 есе артық.

Несиелер бойынша мерзімі өткен берешек сомасы бір жылда 25,7% төмендеп, 16,5 млрд.теңгені құрады. Барлық несиелер бойынша берешек көлемінің үлестік салмағы– 6% (2017ж. 01.01.- 9,2%). Заңды тұлғалардың мерзімі өткен берешегі бір жылда 32,8%, жеке тұлғалардікі - 8,7% төмендеді.

          Депозит нарығы

Облыс банктерінің депозиттік қоры бір жылда 19,7% артып, 2018 жылғы 1 қаңтары жағдайы бойынша 358,7 млрд. теңгені құрады. Оның ішінде заңды тұлғалардың депозиттері - 98,4 млрд. теңге, ол 2016 жылға қарағанда 15,4% артқаны. Халықтың салымы бір жылда 260,3 млдр.теңгеге дейін 21,4% өскен.

Депозитті долларландыру деңгейінің төмендеу үрдісі жалғасуда. Бір жыл ішінде шетел валютасындағы депозиттердің үлестік салмағы 44,2% - дан 34,5%-ға дейін төмендеді.

Жеке тұлғалардың тартылған мерзімді салымдары бойынша мөлшерлемелер бір жылда ұлттық валюта бойынша 11,1%-дан 9,5%-ға дейін, ал шетел валютасы бойынша 2,5%-дан 2,3%-ға дейін төмендеген.

         Қолма қол шетел валютасы нарығы

         Қазіргі күні облыста 144 айырбастау пункті жұмыс істейді, оның ішінде, 81 –уәкілетті банктердің, 59-уәкілетті ұйымдардың, 4-«Казпочта» АҚ-ның айырбастау пункттері. 2017 жылы айырбастау пункттерінің америка валютасын жалпы сату көлемі 214 млн.АҚШ долларын құрады, бұл 2016 жылдан 27,7% артық. Сондай ақ, еуроаймақ валютасына деген сұраныс та өскен, сату 34,7 млн.еуроны құрап 2016жылдан 1,4 есеге өскен, ал ресей рублі 14,2 млрд.рубльді құрап 19,2%-ға өскен.

Төлем карточкалар нарығы

         2018 жылғы 1 қаңтар жағдайы бойынша Қостанай облысында 25 банк пен «Қазпочта» АҚ төлем карталарын қолдана отырып операцияларды жүзеге асырды.

2018 жылғы 1 қаңтар жағдайы бойынша Қостанай облысында айналыста жүрген төлем карталарының көлемі 636,3 мың дана, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 8,3% артық. Төлем карталарын ұстаушылардың көлемі - 573,7 мың. адам, 9,7% артық.

2017 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда банкоматтардың көлемі 2,3%-ға төмендеп 379 дананы құрады, POS – терминалдардың көлемі 9696 дананы құрап, 17,5% көбейді.

Төлем карталарын қабылдау мен оларға қызмет көрсету бойынша банктермен келісім жасаған сауда және қызмет көрсету кәсіпорындарының көлемі - 6769, 13,4% өсті.

Төлем карталары арқылы қолма-қол ақшасыз есеп айырысу көлемі 2016 жылға қарағанда 2 есе артып, 61,9 млрд.теңгені құрады.

2017 жылы қолма-қол ақшасыз төлемдердің үлестік салмағы 12,8% құрады, ал 2016 жылы-8,3% болатын, транзакция саны бойынша – 44,4% (2016ж.-39,8%).

 

ҚР Ұлттық Банкі Қостанай филиалы


хат жіберу