Блог статистикасы
195
Жазбалар
4731
Өтініштер
183296
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

2018 жылғы 1 тоқсан қорытындысы бойынша Қостанай облысының қаржы нарығындағы жағдайы жөнінде

Ағымдағы уақытта Қостанай облысында 84 құрылымдық бөлімшелері бар екінші деңгейдегі банктердің 14 филиалы, сақтандыру ұйымдарының 23 филиалы, валюта айырбастау бойынша 30 уәкілетті ұйымдар, 9 микроқаржылық ұйымдар қызмет атқарып келеді.

Валюталық нарық

Өңірдегі валюталық нарығының жағдайы тұрақты қалыпта. 2017 жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда америкалық валютаны жалпы сату көлемі (44,7 млн.долл.) 17% өскен. Ресей рубліне деген сұраныс әлі де жоғары деңгейде (3,6 млрд.руб)-өсім 33%. Еуровалютаға сұраныс (7,4 млн.евро) –8% азайған.

Депозиттік нарық

Облыс банктеріндегі депозиттер 2018 жылғы 1-сәуір жағдайында, 2017 жылғы 1-сәуірмен салыстырғанда 22%-ға 376 млрд. теңгеге дейін өсті.

Тұрғындардың салымы бойынша жоғары өсім байқалады, бір жыл ішінде 24% -ға 270 млрд.теңгеге жетті, соның ішінде теңгелік депозиттер – 39%-ға 186 млрд.теңге, шетелдік валютада былтырғы жылдағы көрсеткіште қалып қойды-83 млрд.теңге.

Салымдарды долларландыру деңгейінің төмендеуі жалғасуда: шетелдік валютадағы депозиттердің үлес салмағы бір жылда 36% -дан 25% -ға төмендеді.

Кредитік нарық

Өңірлік экономиканы несиелендіру көлемі 2018 жылғы 1-сәуір жағдайына 267 млрд.теңгені құрап, 2017 жылғы сондай кезеңмен салыстырғанда   9% өсті. Ағымдағы жылы банктердің несиелендіру белсенділігі сақталып келеді, 1 тоқсанда 47 млрд.теңгеге жаңа несиелер беріліп, 2017 жылғы 1 тоқсанға қарағанда несие беру көлемі 23% артқан. Банктердің несиелері бойынша мерзімі өтіп кеткен берешекті азайту үрдісі жалғасуда, өткен жылғы сондай кезеңге қарағанда 9% -дан 18 млрд.теңгеге дейін төмендеді.

Кеңес алу, түсініктемелер үшін, сондай-ақ Сіздің құқықтарыңыз бен мүдделеріңізді бұзған жағдайда, ҚР Ұлттық Банкінің Қостанай филиалына Қостанай қ., Баймағамбетов көшесі, 195 мекенжай бойынша, 99-09-19, 99-09-20 тел., е-mail kost_80@nationalbank.kz арқылы, сондай-ақ «НБК Online» мобильді қосымша арқылы хабарласуыңыз қажет.


хат жіберу