Блог статистикасы
195
Жазбалар
4742
Өтініштер
183574
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

«Invest Online» жүйесі туралы

2018 жылғы 27-наурызда Ұлттық Банк жаңа технологиялық өнім – Invest Online жүйесін іске қосты. Осы әзірленген ұялы қосымшаны қолдана отырып, қазақстандықтар онлайн-режимінде өз қаражатын, сонымен қатар азғантай сомаларын ҚР ҰБ ноталарына сала алады. Бұл жүйе күні-түні жұмыс істейді, ешқандай комиссиялар мен салықтар салынбайды, барлық операциялар ашық әрі тегін.

Бұл құнды қағаздар абсолютті өтімді – күнделікті есептелетін кепілді кірісті ала отырып, оларды кез келген уақытта кейін сатуға болады.

Эмиссияның жалпы көлемі 50 млрд. теңгені құрайды. Осы құнды қағаздар бойынша кіріс мөлшерлемесі жылына 8,5 % құрайды. Кіріс күнделікті есептеліп отырады. Есептелген ақшаны ала отырып, ноталарды кез келген уақытта сатып жіберуге болады. Кірістің есептелу барысын Invest Online жүйесінің жеке кабинеті арқылы көре аласыз.

Invest Online арнайы ұялы қосымша қазірден бастап Play Market және App Store қосымшаларында бар. Ұялы қосымшаны көшіріп алып, жүйеде ыңғайлы түрде тіркеле отырып, қысқа мерзімді ноталарды сатып алу рәсімін бастауға болады. ХҚКО-нан алынатын ЭЦҚ пайдалану арқылы, немесе «БЗЖҚ» АҚ-ның жеке кабинеті арқылы, сонымен қатар шотыңыз бар болса – Құнды қағаздардың орталық депозитариінде тіркелуге болады. Бұл ретте шот номерін енгізсе болғаны.

Кеңес алу, түсініктемелер үшін, сондай-ақ Сіздің құқықтарыңыз бен мүдделеріңізді бұзған жағдайда, ҚР Ұлттық Банкінің Қостанай филиалына Қостанай қ., Баймағамбетов көшесі, 195 мекенжай бойынша, 99-09-19, 99-09-20 тел., е-mail kost_80@nationalbank.kz арқылы, сондай-ақ «НБК Online» мобильді қосымша арқылы хабарласуыңыз қажет.


хат жіберу