Блог статистикасы
195
Жазбалар
4922
Өтініштер
193308
Келушілер
Бисимбаев Жанабай Жолтаевич
Первый заместитель председателя Костанайского областного филиала Партии «Нұр Отан»




Байланыс ақпараты

Костанайский областной филиал Партии «Нұр Отан»

Приемная: 8 7142 53 41 25
Факс: 8 7142 51 14 16

110000, г. Костанай, ул. Гоголя, 111
Подробнее

Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Бисимбаев Жанабай Жолтаевич
Первый заместитель председателя Костанайского областного филиала Партии «Нұр Отан»



Байланыс ақпараты

Костанайский областной филиал Партии «Нұр Отан» Приемная: 8 7142 53 41 25 Факс: 8 7142 51 14 16 110000, г. Костанай, ул. Гоголя, 111

Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Бисимбаев Жанабай Жолтаевич
Первый заместитель председателя Костанайского областного филиала Партии «Нұр Отан»



Байланыс ақпараты

Костанайский областной филиал Партии «Нұр Отан» Приемная: 8 7142 53 41 25 Факс: 8 7142 51 14 16 110000, г. Костанай, ул. Гоголя, 111

Банктік қарыз шарты бойынша қарыз алушының құқықтары туралы

Банкте несие алғаннан кейін, қарыз алушы міндеттермен бірге құқықтарға ие болады, олар қолданыстағы  заңнамаға сәйкес банктік қарыз шартында жазылуы тиіс.

Біріншіден, кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес қарызды алғаннан кейін, қарыз алушы оны он төрт күнтізбелік күн ішінде тұрақсыздық айыбы мен айыппұлды  төлеусіз қайтаруға құқылы. Қарызды алған күннен бастап бір жыл өткеннен кейін, оны сондай-ақ мерзімінен бұрын тұрақсыздық айыбы мен айыппұлды  төлеусіз өтеуге болады.

Екіншіден,  егер кесте бойынша төлем жасау күні демалыс немесе мереке күніне келетін болса, онда төлемді келесі жұмыс күні тұрақсыздық айыбы мен айыппұлды  төлеусіз жүзеге асыруға болады.

Үшіншіден, қарыз алушы банктен айына бір реттен артық емес банктік қарыз шарты бойынша қарызды өтеуге  келіп түскен ақшаны бөлу туралы тегін ақпаратты ала алады. Бұл үшін қызмет көрсететін банкке жазбаша түрде жолығу қажет.

Төртіншіден, қарыз алушы қарызды мерзімінен бұрын өтегісі келсе, өтініш негізінде банктен негізгі қарыз, сыйақы, комиссия, тұрақсыздық айыбы, айыппұл бойынша бөлінген қайта төленетін соманың көлемі туралы ақпаратты алуға құқылы.

Осындай  ақпаратты банктер үш жұмыс күннен артық емес мерзімде ұсынулары қажет.

Бесіншіден, алған қарыз бойынша даулы жайлар болған жағдайда, қарыз алушы банкке жазбаша түрде жолығып, ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру тәртібі туралы» Заңнамамен бекітілген мерзімде жауап алуға құқылы.

Ипотекалық қарыз шартында сондай-ақ, қарыз алушының жасалған ипотекалық қарыз шарты бойынша  туындаған келіспеушіліктерді реттеу үшін банктік омбудсманға жазбаша түрде жолығу құқығы болуға тиіс.

Әлеуетті қарыз алушы (жеке тұлғаға) банктік қарыз шартын  жасағанға дейін, сараланған төлем әдісімен және аннуитетті төлем әдісі бойынша есептелген төлем кестесінің жобасымен танысу, және төлем әдісін таңдау қажет.

Шартқа, кестеден басқа, қарыз алушыға қарыздың барлық сомасы және валютасы, қарыздың мерзімі,  төлемдер көлемі және қарызға қатысты басқа да мәліметтері бар қол қойылған және банктің мөрімен куәландырылған  жадынама берілуі тиіс.

Егер қарыз беру туралы талаптарымен, қамтамасыз ету болып табылатын мүліктің нарық құнын анықтау мақсатында бағалау өткізуге және (немесе) сақтандыру шарттарын жасау қарастырылған болса, қарыз алушы бағалаушыны және сақтандыру ұйымын өз бетінше таңдауға құқылы.

 

ҚР Ұлттық Банкі Қостанай филиалы

хат жіберу