Блог статистикасы
195
Жазбалар
4737
Өтініштер
183451
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Онлайн-кредиттеуді реттеу жөніндегі заңнамаға түзетулер туралы

2018 жылғы 16 шілдеден бастап ҚР Азаматтық кодексімен қарыз алушы жеке тұлғамен жасалатын, нысанасы туыстық белгілермен айқындалған ақша немесе зат болып табылатын қарыз шартының, егер мұндай шарт бойынша қарыз алушының міндеттемелерін орындауы қарыз есебіне ақша беру арқылы жүзеге асырылып, ал қарыз шартында көзделген сыйақы, тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл), комиссиялар мен өзге де төлемдер мөлшері мен төлемі ақшалай нысанда жүзеге асыралатын кездегі ерекшеліктері белгіленді.

Шарт мынадай талаптарға жауап беруге тиіс:

- дара кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлға қарыз алушы болып табылады;

- қарыз Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында ғана беріледі; - қарыз шартында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісіне сәйкес есептелген жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі міндетті түрде болуға тиіс;

- қарыз шарты бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі қарызды қайтару мерзімі өзгерген жағдайда да берілген қарыз сомасының 100%-нан аспауға тиіс;

- қарыз шарты бойынша қарыз сомасын қайтару және (немесе) сыйақыны төлеу жөніндегі міндеттемелерді бұзғаны үшін тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) мөлшері мерзімі өткен әрбір күн үшін орындалмаған міндеттеме сомасының 0,5%-нан аспайды, бірақ берілген қарыздың бір жылдағы сомасының 10%-нан артық емес; - қарыз нысанасын есептемегенде, сыйақы, тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл), комиссиялар және қарыз шартында көзделген өзге де төлемдер сомасын қоса алғанда, қарыз алушының қарыз шарты байынша барлық төлемдері жиынтығында қарыз шартының бүкіл қолданылу кезеңінде берілген қарыз сомасынан аспайды;

- қарыз шарты бойынша міндеттемелер мен төлемдерді кез келген валюта баламасына байланыстыра отырып индекстеуге жол берілмейді;

- қарыз шартының сыйақы, тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл), комиссиялар және өзге де төлемдер мөлшері туралы талаптары оларды ұлғайту жағына қарай өзгертілмеуге тиіс.

Қарыз алушы жеке тұлғалармен жасалатын, белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін қарыз шарттары маңызсыз болатындығы белгіленген. Бұл ретте осы баптың жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеуге және мөлшеріне қатысты нормалары ҚРҰБ Басқармасының жақын уақытта қабылданады деп жоспарланып отырған тиісті қаулысы қабылданып, күшіне енгеннен кейін қолданысқа

Осылайша, 2018 жылғы 16 шілдеден кейін жасалған қарыз шартының талаптары көрсетілген талаптардың кез келгеніне сәйкес келмеген жағдайда, шарт тараптары сот арқылы мұндай шартты жарамсыз деп тануға құқылы.

Бұл ретте шартты жарамсыз деп тану борышкерді мәміле бойынша алынған ақшаны кредиторға қайтару міндеттерінен босатпайтынын атап өткен жөн.

Сонымен қоса Ұлттық Банк Азаматтық кодекстің осы бабы шеңберінде, оның ішінде интернет арқылы (онлайн кредиттеу) қарыз беретін компаниялардың қызметін реттемейтінін хабарлаймыз. Ұлттық Банктің сайтында жақын арада калькулятор орналастырылады, ол қарыз шарты бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін өз бетінше есептеуге мүмкіндік береді.

Консультация алу үшін азаматтар Ұлттық Банктің Қостанай филиалы Қостанай қ., Баймағамбетов к-сі, 195 мекенжайындағы қоғамдық қабылдау бөлмесіне өтініш жасай алады. Анықтамалар үшін телефон (714) 2 990919, 990920. Егер Сізде қосымша сұрақтар туындаса, Қазақстан Ұлттық Банкіне «ҚҰБ Online» мобильдік қосымшасы арқылы өтініш жасауыңызды сұраймыз. Google Play Market-тен жүктеу үшін сілтеме: https://play.google.com/store/apps/details…; AppStore-дан жүктеу үшін сілтеме: https://itunes.apple.com/kz/app/nbkonline/id1134502211


хат жіберу