Блог статистикасы
195
Жазбалар
4720
Өтініштер
182818
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Несие тарихы туралы

Несиелер Қазақстандықтар өмірінің ажырамас бөлігі болғаны ешкімге құпия емес екендігі белгілі. Пайыз және төлемдер туралы сұрақтармен бірге көбі «Несие тарихы деген не?» деген сұрақтар қоя бастады. Ең алдымен сөздікке жүгіну қажет: «Несие тарихы – бұл барлық несие туралы және оны уақтылы өтеу туралы жалпылама ақпарат».

Бұл ақпаратты банктер несие беру туралы шешім қабылдаған кезде пайдаланады, бұл адамның төлем қабілеттілігін көрсететін және несие берушіге оның сенімділігі туралы қорытынды жасайтын «несие атағы» ретінде, жеке несие көрсеткіші.

Осы барлық ақпарат, қарыз алушының міндеттемелері және оның төлем тәртібі туралы ақпаратты құрайтын несие есебіне жиналады.

Несие тарихын қалыптастыру және несие есебін ұсыну, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясына сәйкес өз қызметін жүзеге асыратын несие бюроларының  негізгі қызметінің түрі болып келеді.

Қазіргі таңда, Қазақстанда 2 несие бюросы жұмыс істейді («Бірінші Несие бюросы» ЖШС, «Мемлекеттік несие бюросы» АҚ), олардың жұмысының негізгі мақсаты, несие беруші мен қарыз алушы арасындағы қарым-қатынастардың айқындығын қамтамасыз ету болып табылады.

Несие тарихы субъектісіне қатысты ақпарат 10 жыл ішінде сақталады және соңғы несие келісімшартының күнінен жаңартылып отырады.

Егер де Сіз бір рет болса да несие алсаңыз, онда Сіз жеке деректемелеріңізді беру туралы келісім алу тәртібіне назар аударған боларсыз. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, шартқа қол қою алдында, банк міндетті түрде қарыз алушыдан және кепіл берушіден екі келісімді талап етеді: ақпаратты несие бюросына жіберу және несие бюросынан ақпарат алу.

Несие есебін  қалыптастыру үшін, несие бюросына ақпаратты кім бере алады? Олар мұндай ұйымдар болуы мүмкін:

1) банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, микро қаржы ұйымдары, коллекторлық агенттіктер;

2) Тауар немесе қызметтерді несиеге беретін немесе төлемдерді бөліп төлеуге беретін жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға;

3) жылжымайтын мүлікке құқықты тіркейтін мемлекеттік органдар;

4) коммуналдық қызмет көрсететін, табиғи монополиялар субъектілері;

5) ақпарат ұсыну туралы шарт негізінде басқа да тұлғалар.

Кредиттік есепті алушылар мыналар болып табылады:

       1) банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, микроқаржы ұйымдары, коллекторлық агенттіктер;

       2) тауарларды және көрсетілетін қызметтерді кредитке еткізетін не төлемдердің мерзімін ұзартатын жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға;

3) ақпарат беру туралы шарттар негізінде өзге де тұлғалар;

4) кредиттік тарих субъектісі;

5) пайдасына банк кепілдігі немесе кепілдеме берілген тұлға;

      6) облигацияларды ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шарт жасасқан облигациялар эмитентінің кредиттік есебіне қатысты облигацияларды ұстаушылардың өкілі;

      7) уәкілетті орган.

 Ақпараттың дәйектілігіне ақпарат берушілер жауапты болып есептеледі. Кредиттік есептің мәліметтерімен келіспеген жағдайда, дәйексіз ақпаратты түзетуге қатысты арызды не ақпарат берушіге, не кредиттік бюроға жолдауыңызға құқығыңыз бар.  

2017 жылдан бастап заңнама деңгейінде, коммуналдық қызметтерді көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілген қызмет бойынша пайда болған қарыз жайындағы ақпаратты кредиттік бюроға жолдау міндеті бекітілгеніне назарыңызды аударамыз. 

Өзінің жеке кредиттік тарихын үнемі бақылап тұрудың маңыздылығына бірқатар себеп бар. Уақытында өтелмей қалған азғантай болсада қарызыңыз кредиттік тарихты бұзып жіберуі мүмкін. Оның сыртында, алаяқтардың құжатын жоғалтқан тұлға атына несие ресімдеген жағадайлар белглілі.  

Жеке кредиттік тарихты алу үшін кредиттік бюроға немесе халыққа қызмет көрсету орталығына төл құжатыңызды беріп жүгінуіңізге болады. Тіпті кредиттік тарихты алу бойынша электронды қызметіне де жазылуға болады.

«Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» ҚР Заңына сәйкес кез келген тұлға бір жыл ішінде өзі жайлы бір кредиттік тарихты тегін түрде алуға құқылы.

Әрбір тарих, оның ішінде кредиттік тарихта жақсы басталып, сәтті аяқталуы тиіс, сондықтан да қарыз алғандарға және қарыз алайын деп жатқан тұлғаларға кредиттік тарихтағы жеке мәліметтерді тұрақты түрде бақылап, назардан тыс қалдырмау қажет деген кеңесіміз бар.

Кеңес пен түсінідрме қажет болғанда, сондай-ақ құқықтарыңыз бер мүдделерініз бұзылған жағдайда ҚР Ұлттық Банкі Қостанай филиалына  жүгінуіңізге болады. Мекен-жайымыз: Қостанай, қаласы, Баймағамбетов көшесі, 195, тел: 99-09-19, 99-09-20, е-mail: kost_80@nationalbank.kz,  және «НБК Online» мобильді қосымша арқылы.

 

ҚР Ұлттық Банкінің

Қостанай филиалы

хат жіберу