Блог статистикасы
195
Жазбалар
4720
Өтініштер
182698
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Қостанай филиалымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Қостанай филиалымен жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтердің келесі түрлері көрсетіледі:

1.Уәкiлетті ұйымдарға шетелдiк валютамен айырбастау операцияларын ұйымдастыру бойынша қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру.

2.Микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеу.

3. Валюталық операцияны тіркеу.

4.Валюталық операция немесе шетелдік банкте банктік шот ашу туралы хабарламаны растау.

5. Коллекторлық агенттіктерді есептік тіркеу.

Мемлекеттік қызметтерді алу үшін жеке немесе заңды тұлға (қызметті тұтынушы) Мемлекеттік қызметтер стандарттарында белгіленген құжаттар пакетін қоса, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі филиалына арыздану қажет.

«Уәкiлетті ұйымдарға шетелдiк валютамен айырбастау операцияларын ұйымдастыру бойынша қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру» және «Микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеу» мемлекеттік қызметтері бойынша тұтынушы Интернет желісі және электронды цифрлі қолы болған жағдайда «электрондық үкімет» веб-порталы («Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасы» ақпараттық жүйесі-www.elicense.kz) арқылы өтініш бере алады. Бұл ретте құжаттар сканерленген электронды түрде ұсынылады. Сонымен қатар, қызмет тұтынушы мемлекеттік қызмет көрсету статусы жөнінде «электрондық үкімет» веб-порталында «жеке кабинет» қашықтатылған кіруге мүмкіндік режимінде және мемлекеттік қызметтер мәселелері бойынша бірыңғай контакт-орталығы арқылы ақпарат алу мүмкіндігі бар.

Мемлекеттік қызметті электрондық түрде көрсету нәтижесі электрондық құжатты не болмаса құжатты қағаз түрінде не болмаса «электрондық үкімет» ақпараттық жүйесінен мәлімет беру болып табылады. Мемлекеттік органның лауазымдық тұлғасының электронды цифрлі қолы қойылған Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі жөнінде мәлімет қызмет тұтынушының веб-порталындағы «жеке кабинетіне» электронды түрде жіберіледі.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі көрсететін әр мемлекеттік қызметтер жөнінде толық ақпарат www.nationalbank.kz. интернет-ресурстарында «Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері» бөлімінде, сонымен қатар «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz «Бизнес» бөлімінің «Мемлекеттік органдар бойынша қызметтер» бөлімшесінде жарияланған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша бірыңғай контакт-орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы сұрақтар туындаған жағдайда қызметті тұтынушы Ұлттық Банктің Қостанай филиалына Қостанай қ., Баймағамбетов к-сі, 195 мекен жайы және 8(7142)99-09-10 телефоны бойынша хабарласуына болады.


хат жіберу