Блог статистикасы
195
Жазбалар
4922
Өтініштер
193328
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Исабаев Тауба Каиржанович
Аким Федоровского района

Байланыс ақпараты

Телефон приемной акима: 8(71442) 2-16-32 Адрес: Костанайская область, Федоровский район, село Федоровка,  ул. Калинина, 53 E-mail: fedorovka@kostanay.gov.kz

Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Исабаев Тауба Каиржанович
Аким Федоровского района

Байланыс ақпараты

Телефон приемной акима: 8(71442) 2-16-32 Адрес: Костанайская область, Федоровский район, село Федоровка,  ул. Калинина, 53 E-mail: fedorovka@kostanay.gov.kz

Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы

Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі – бұл Қазақстан Республикасының әр азаматы үшін өз атына, немесе баласының атына білім беру жинақтау салымын ашу мүмкіндігі, оны келешекте кәсіби-техникалық және Қазақстанда және шетелде жоғары білімді төлеуге пайдалануға болады.

Салым жүйеге қатысушы - екінші деңгейдегі банктерде ашылады. Қазіргі таңда оны келесі банктерде жүзегеасыруға болады: «Қазақстанның Халық Банкі» АҚ, «Цеснабанк» АҚ, «Нурбанк» АҚ, «ВТБ Банк» АҚ.

Ең төмеңгі төлем 3 айлық есептік көрсеткіштен төмен болмауы керек, салым мерзімі 3 жылдан 20 жылға дейін.

Білім беру жинақтау салымның бірнеше ерекшеліктері бар.

Біріншіден, бұл салымның қатаң тағайындалған мақсаты: техникалық және кәсіби, орташа, жоғары және университеттен кейінгі (магистратура) білім бағдарламалары бойынша білім беру қызметіне төлем жасау үшін.

Екіншіден, салым мемлекет сыйақысымен ынталандырылады. Салымға 14% дейін банктің пайызы, оған қоса 5% немесе 7% жыл сайынғы мемлекет сыйақысы есептеледі. Бұл ретте, мемлекет сыйақысы да және банктік сыйақы да капиталдандырылады, яғни, негізгі салымға қосылады.

Үшіншіден, мемлекет сыйақысы, кіріс ретінде, салық салуға жатпайды.

Төртіншіден, мемлекеттің 100% кепілі бойынша Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігінің «Қаржылық орталығы» АҚ тұлғасында банктен білім алуға несие алу мүмкіндігі.

Бесіншіден, салымдағы ақшаны тәркілеуге немесе өңдіріп алуға рұқсат берілмейді.

Сонымен қатар, салым жеке тұлғалардың депозиттеріне міндетті кепілдік беру объектісі болып табылады. Қазіргі таңда, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктердегі жеке тұлғалардың депозиттеріне кепілдік беруді «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ жүзеге асырады, ол банктің мәжбүрлеп таратылуы кезінде, салымшыларға кепілді түрде 10 000 000 теңгеге дейінгі көлемде ақша қаражатын өтейді.

Білім беру грантын алған кезде, салымшы есептелген мемлекет сыйақысын жоғалтпай депозиттен жинағын алуға, басқа тұлғаға ашылған білім беру жинағына ақшаны аударуға, басқа білім беру деңгейін алуға қаражатты одан әрі жинақтауды жалғастыруға құқығы бар.

Кеңес алу үшін Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы операторға – «Қаржылық орталық» АҚ 8 (7172) 695-047, 695-044, 695-045 телефондары бойынша, банк қатысушыларына немесе Ұлттық Банк филиалына 990-920 телефоны бойынша хабарласуға болады.

 

ҚР Ұлттық Банкінің

Қостанай филиалы

хат жіберу