Блог статистикасы
195
Жазбалар
4732
Өтініштер
183372
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Егер қолыңда шетел валютасының бүлінген купюрасы болса, не істеу керек?

Қандай да болсын қағаз ақшаның тозу қасиеті бар. Олар жыртылады, бүгілген жері ескіреді, кірлейді және т.б. Біздің әрқайсымыз бүлінген ақша купюрасымен кезіккен шығармыз. Егер ұлттық валюта теңгені екінші деңгейдегі кез келген банкте немесе Қазақстанның Ұлттық Банкінде айырбастауға болатын болса, бұл жағдайда бүлінген шетел валютасын не істеу керек. Шетел валютасының жарамды банкнотасынан жарамсыз банкнотаны қалай ажырату керек және оны қай жерде айырбастауға болады, осы сұрақтарды біз ҚР Ұлттық Банкінің Қостанай филиалына қойып көрдік.

Егер қолыңда шетел валютасының тозығы жеткен және бүлінген купюрасы болса, оның жарамды немесе жарамсыз банкнота екенін қалай анықтауға болады?

- Айырбастау пунктерінде қолма-қол шетел валюталарымен айырбастау операцияларын

жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 144 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасын айырбастау операцияларын ұйымдастыру қағидаларымен анықталған. Осыған сәйкес эмитенттің елінде заңды төлем құралы болып табылатын қолма-қол шетел валютасы сатып алуға, сатуға, айырбастауға жатады және ол үшін еш комиссиялық сыйақы алынбайды.  

 Егер банкноттың бейнесін айқындауға мүмкіндік беретін шамалы дәрежеде ескірген және ластанған;  жыртылған бөліктер сөзсіз бір банкнотқа тиесілі болса, желімделген жыртық бұрыштары немесе бөліктері бар (көлемі бір шаршы сантиметрден аспайтын); банкноттың ені бойынша бір сантиметрден, ұзындығы – қиғаш сызығы бойынша төрт сантиметрден аспайтын, үш жыртықтан (оның ішінде желімделгендер) аспайтын; егер олар банкноттардың түпнұсқалығын айқындауға кедергі келтірмесе және заңды төлем құралының негізгі белгілерінің 50% астамын жаппаса, ұсақ майлы және басқа дақтары, жазбалар және мөртабандардың таңбасы бар (банкноттың тесілгені немесе банкноттың түпнұсқа емес не үлгі болып табылатынын куәландыратын мөртабандарды қоспағанда, екі мөртабаннан, жазбалардан аспайтын); тесік диаметрі бір миллиметрден аспайтын кемінде екі тесігі бар банкноттар кездессе, олар айналысқа жарамды заңды төлем құралдары болып танылады.

 Басқа сөзбен айтқанда, шамалы дәрежеде ескірген және ластанған шетел валютасының банкнотасын айырбастау пунктері сізден қабылдамауға құқығы жоқ, демек ондай банкноттарды қабылдауға немесе сатып алуға міндетті.

Онда қандай банкноталар төлемге жарамсыз болып саналады?

 Бөлшектеліп жыртылған, оның ішінде желімделген; бастапқы түсін жоғалтқан немесе оңып кеткен; жанған немесе күйдірілген; тұтас немесе едәуір дәрежеде (айналысқа жарамды заңды төлем құралының негізгі белгілерінің бірінің 50% астамы) бояу, сия, май төгілген; ультракүлгін сәуле түсіргенде қағаздың жылтырауына әкеп соғатын сыртқы әсерлерге ұшыраған; қасақана сипаттағы едәуір бүлінген (негізгі суреттері, атап айтқанда адамдардың портреттері өзгерген, қорғаныш жібі жойылған, едәуір жазбалардың болуы, оның ішінде ультракүлгін сәуле түсіргенде көрінетін, екі мөртабанның іздері және банкноттың өтелгені туралы немесе түпнұсқа емес немесе үлгі болып табылатыны туралы растайтын мөртабан, диаметрі бір миллиметрден астам екіден артық тесіктері бар); баспадан кеткен анық ақауы бар банкноттар (сутамғы белгісінің немесе қорғаныш жіптің болмауы немесе дұрыс орналаспауы, бейнелердің басылмауы немесе бұлыңғыр болуы); геометриялық өлшемдердің азаюы жағына, сол сияқты ұлғаюы жағына үш миллиметрден артық өзгеруі; банкнот бейнесінің көрінбей кетуіне әкеліп соғатын едәуір ескірген және (немесе) ластанған жерлері бар; едәуір жұмсарған және (немесе) қаттылығын жоғалтқан банкноттар айналысқа жарамсыз болып танылады.

  Тиісті шет мемлекеттің эмитент банкі (шетел банкі) жариялаған күнінен кейін айналыстан шығарылған банкноттар төлемге жарамсыз деп танылады.

     Айырбастау пункттері жеке тұлғалардың төлемге жарамсыз шетел валюталарының банкноттарын айырбастаудан бас тартуға құқылы.

Егер қолыңда шетел валютасының төлемге жарамсыз банкноталары болған жағдайда, қайда баруға болады?

Бұндай банкнота иелеріне екінші деңгейдегі банктерге бару керек. Банктер инкассоға қабылдай алады. Әрине, бұл жағдайда айырбастау процедурасы біраз уақыт алады. Бұл банкноталарды шетел банкіне тексеріске жеткізгенше күту керек болады. Егер банкноталар қолдан жасалған болмаса және бәрі дұрыс болса, оның құны өтелетін болады. Шетел банкі жіберілген шетел валютасын айырбастаудан бас тартуыда мүмкін, ол кезде екінші деңгейдегі банк сізге сәйкесінше расстайтын құжаттарды ұсынады.

Екінші деңгейдегі банктер төлемге жарамсыз банкноталарды сатып алғаны, айырбастағаны, инкассоға қабылдағаны үшін комиссия алады ма?

Иә, екінші деңгейдегі банктер комиссиялық сыйақы алады, бірақ ол айырбастауға ұсынылған банкнотаның номиналдық құнының 10% аспау керек. Екінші деңгейдегі банктер комиссиялық сыйақының мөлшері және шетел банкінің банкнотаны айырбастаудан бас тарту мүмкіндігі жөнінде клиенттерді әрқашан ескертеді.


хат жіберу