Блог статистикасы
195
Жазбалар
4802
Өтініштер
187099
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Несие тарихы

Несие тарихы – бұл Сіздің қарыз алушының құжаттамасы, барлық несиелер, қайтару мерзімі мен мерзімін өткізіп алып төлеу туралы ақпарат бар құжат. Несие тарихын несие бюросы – несие туралы деректер базасын жинайтын және әр жеке және заңды тұлғаға құжаттама қалыптастыратын ұйым.

Несие тарихы не үшін қажет?

Жақсы несие тарихы – Сіздің болашағыңыздың басты инвестициясы. Бөліп төлеуге алынған тоңазытқыш үшін төлемді белгіленген мерзімде төлемесеңіз, Сіздің арманыңыздағы автокөлікті сатып алуға несиені Банк мақұлдамайды. Егер де Сіз ешқашан несие алмасаңыз және де қосалқы қарыз алушы болмасаңыз, онда Сіздің несие тарихыңызда жазулар болмайды.

Банктер әлеуетті қарыз алушылар туралы деректерді несие бюроларынан сұратады. Мәселен, Сіз несие алып, оны уақтыында өтедіңіз. Бұл ақпарат Сіздің несие тарихыңызда белгіленеді. Одан кейін Сіз басқа банкте несие рәсімдеген кезде, банк сіздің алдыңғы несиеніңізді уақытында қайтарғаныңызды көріп, Сізді жауапты клиент ретінде қабылдайды. Әр банк берген ақша қаражатын қайтарып алуға сенімді болуын және сенімді адамдарды несиелеуді қалайды. Егер де сізде жүйелі түрде төлем бойынша мерзімін өткізіп алған төлемдер көп болса, онда банк Сізге жаңа несие беруден бас тартуы мүмкін.

Осы себептен өзіңіздің несие тарихыңызды қадағалауыңыз қажет.

Өзінің несие тарихын қалай қадағалау қажет?

Заң бойынша әр күнтізбелік жылда бір рет Қазақстанның әр азаматы өзінің несие тарихын тегін білуіне болады. Егер де Сіз несие есебін алып, онда басқа деректер болса, Сіз растау құжаттарын қоса беріп, бұл туралы банкке хабарлаңыз.

Есіңізде сақтаңыз: несие бюросы – Сіз және банк арасындағы делдал, олар өз бетімен Сіздің несие тарихыңызға өзгерістер енгізе алмайды. Ал егер адамдар несие бюросының қызметкерлері болып өздерін таныстырып, ақша төлегеніңіз үшін Сіздің есебіңізді «жақсартуды» немесе одан жағымсыз ақпаратты жоюды ұсынса, сенбеңіз – олар алаяқтар.

Несие тарихын білу

«Мемлекеттік несие бюросы»

«Мемлекеттік несие бюросында» несие тарихын алу үшін жеке куәлік және өтінішті толтыру қажет. Есепті тәулік ішінде аласыз.

«Бірінші несие бюросы»

«Бірінші несие бюросы» кеңсесінде несие тарихын алу үшін, Сізге жеке куәлік қажет болады. «Бірінші несие бюросы» сайтында Сіз электронды цифірлік қолтаңба арқылы несие тарихыңызды аласыз.

Почта бойынша сұрату жіберуіңізге болады: нотариалды куәландырылған өтініш пен жеке куәлік көшірмесі қажет болады. Егер де Сіз несие есебін жылына екінші рет сұратып отырсаңыз, онда қызмет үшін төлем төлеген түбіртекті қоса ұсыну қажет.

Egov.kz порталы

Электрондық үкімет порталының «Салық және қаржы» бөлігінде персоналды несие есебін алыңыз. Өтінішті интернет арқылы толтырыңыз, электрондық цифірлік қолтаңба арқылы қолыңызды қойыңыз, содан кейін «Жеке кабинетіңізде» қорытындысын көресіз.

ТҚО

Жеке куәлігіңізбен әрбір Тұрғындарға қызмет көрсету орталығына келіңіз.

«Қазпочта»

Жеке куәлігіңізді ұсына отырып, «Қазпочта» бөлімшелерінен персоналды несие есебін алыңыз. Жылына бірінші рет келген кезде Сіз «Қазпочтаның» комиссиясын ғана төлейсіз.

Myth.kz

myth.kz сайтында несие есебін алу үшін, ЖСН, электронды цифірлік қолтаңба және төлем картасы қажет болады.

Несие тарихы туралы есте сақтау:

· Несие тарихы – Сіздің барлық несиелер және төлімді бөліп өтеуге алған сатып алуларыңыз туралы барлық жазбалар бар қарыз алушының құжаттамасы.

· Несие тарихының жақсы болуы маңызды. Бұл сіздің банктер мен микро қаржылық ұйымдар үшін оң келбетіңіз, сәйкесінше, Сіз автокөлік немесе пәтер алу үшін мол несие алуыңызға болады.

· Өзіңізді несие тарихыңызды қадағалап отырыңыз. Күнтізбелік жылда бір рет Қазақстанның әр азаматы өзінің жеке несие есебін тегін алуына болады.

хат жіберу