Блог статистикасы
195
Жазбалар
4942
Өтініштер
198147
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Нургалиев Бахыт Мирасович
Аким Денисовского района

Байланыс ақпараты

Телефон приемной акима: 8(71434) 2-15-01 Адрес: Костанайская область, Денисовский район, с.Денисовка, улица Калинина. 5, E-mail: denisovka@kostanay.gov.kz ...

Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Нургалиев Бахыт Мирасович
Аким Денисовского района

Байланыс ақпараты

Телефон приемной акима: 8(71434) 2-15-01 Адрес: Костанайская область, Денисовский район, с.Денисовка, улица Калинина. 5, E-mail: denisovka@kostanay.gov.kz ...

Invest online – күнде пайда әкелетін табыс

Қазақстанның әр азаматы арнайы әзірленген мобильдік қосымшаны қолдана отырып, онлайн режимінде қаражатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Нотасына», соның ішінде шамалы сомаларға инвестиция ретінде сала алады. Бір нотаның құны 100 теңге.

Осыған орай, 50 млрд. теңге көлемінде қысқа мерзімді нотаның эмиссиясы шығарылған. Мұндай бағалы қағаздар бойынша кіріс мөлшерлемесі жылына 8,5% құрайды. Табыс күнделікті есептеліп тұрады. бағалы қағаздарды кез келген уақытта қайта сатуға болады, бұл ретте күнделікті есептелген кепілді табыс сатқан тұлғаданың пайдасында қалады. Егер, ноталарды сатып алғаннан кейін келесі күні қайта қайтарғыңыз келсе, міндетті түрде бір күндік табыс есептеледі.

Ешқандай комиссия мен салық төлемдері қаралмаған, себебі Ұлттық Банкінің ноталары мемлекеттің бағалы қағаздары болып табылады, сондықтан ноталар бойынша табысқа салық салынбайды.

          Ұсынылып отырған өнім азаматтардың санасын доллардан алшақтатуға және тұрғындардың жинақ қаражатын инвестициялау үшін құралдарды кеңейтуге бағытталған. Жеке тұлғалардың Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноталарына салымдарын салу шетелдік валютадағы салымдардың баламасы болуы әбден мүмкін.

Барлық инвестициялар Ұлттық банк тарапынан кепілдендіріледі, ешқандай дефолт оған әсер ете алмайды, қандай да бір тәуекел жоқ.

Бұл жүйе өзінің технологиялық кең мүмкіндіктерінің арқасында тек Ұлттық Банктің ғана емес, сонымен қатар халықтың қаражатын тарта отырып, IPO-ға шығу жоспары бар қазақстандық ірі компаниялардың бағалы қағаздарымен жұмыс істеу мүмкіндігін бере алады.

Сіз осы жүйеде тіркелген бетте, әр пайдаланушыға Банкаралық есептердің қазақстандық орталығында электрондық әмиян ашылады және ең бастысы, әр пайдаланушыға Орталық депозитарийде шот ашылады. Бұл шотта бағалы қағаздар сақталады.

Invest Online жүйесі жұмысының негізіне үш инновациялық шешім енгізілген:

Біріншіден, алғашқы рет мемлекеттік деңгейде «Блокчейн» технологиясы қолданылған. Яғни, әр транзакция таратылған тізілім ретінде үздіксіз блоктар тізбегіне жазылып тұрады, соның арқасында ақпарат сол қалпы сақталады.

Екіншіден, Ноталарды сатып алу үшін барлық операциялар интерфейсінің дұрыстылығын қамтамасыз ету үшін, пайдаланушыға ешқандай қиындық келтірмейтін жаңа электронды ақша шығарылды. Бұл ақша бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялар бойынша есеп айырысу үшін қажет, сонымен қатар есеп айырысудың жаңа түрін тарату болып табылады.

Үшіншіден, барлық операциялар электронды құрылғыларда онлайн-режимінде қол жетімді. Компьютер немесе мобильдік қосымша арқылы жұмыс істеуге болады. Ұлттық Банк мобильдік қосымшаға аса назар аударады. Интернет бар жерде сізге кез келген уақытта ноталарды сатып алуға немесе сатуға мүмкіндік беріледі.

           Invest Online арнайы ұялы қосымшасы қазірден бастап Play Market және App Store қосымшаларында бар. Ұялы қосымшаны көшіріп алып, жүйеде ыңғайлы түрде тіркеле отырып, қысқа мерзімді ноталарды сатып алу рәсімін бастауға болады.

            Бұл жүйенің оңайлығы соншалықты, сізден тек 3 түрлі іс-әрекетті талап етеді: сізге ыңғайлы түрде тіркеліп, әмиянды қаражатпен толтыру, Ноталарды сатып алу.

ХҚКО-нан алынатын ЭЦҚ пайдалану арқылы, немесе «БЗЖҚ» АҚ-ның жеке кабинеті арқылы, тіркелуге болады. Егер Құнды қағаздардың орталық депозитариінде шотыңыз бар болса, онда бұл ретте шот номерін енгізсеңіз болғаны.

            Invest Online қосымшасының жұмысы бойынша кеңесті техникалық қызмет көрсетудің 24-сағаттық желісі бойынша: 8 800 080 86 68 телефоны арқылы, сонымен қатар: investonline@csd.kz. электрондық почта арқылы алуға болады.

            Сондай-ақ, сұрақтар туындаған жағдайда ҚР Ұлттық Банкінің Қостанай филиалына: Қостанай қ., Баймағамбетов көш. 195 үй мекенжай бойынша хабарласуыңызға болады.Тел: 99-09-21, 99-09-19, e-mail: kost_80@nationalbank.kz, сонымен қатар «НБК Online» мобильдік қосымшасы.

хат жіберу