Блог статистикасы
195
Жазбалар
4801
Өтініштер
187054
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Банктердің қарыз алушылардан несие шотын жүргізгені үшін комиссиялар алу бойынша іс-әрекеттері заңсыз

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі –Банктер туралы заң) сәйкес сыйақы мөлшерлемелері мен комиссиялар, сондайақ банк қызметтерін көрсеткені үшін тарифтерді банктер дербес белгілейді. Банк қызметтеріне банктік және Банктер туралы заңның 30-бабында көзделген өзге операциялар жатады.

2011 жылдан бастап Банктер туралы заңда банктердің банктік қарыз шарттарында қарыз беруге байланысты алуға жататын комиссиялардың толық тізбесін және олардың мөлшерін көрсету міндеті және жасалған шарт шеңберінде комиссиялардың жаңа түрлерін біржақты тәртіппен енгізуге тыйым салу белгіленді.

Бұл ретте қарыз беруге байланысты комиссиялардың тізбесі және атаулары бойынша қандай да болсын шектеулер заңнамада белгіленбеген. Заңнаманың банктік қарыз шарттарына қойылатын талаптарын банктердің сақтауын тексеру барысында Ұлттық Банк шарттарда несие шотын жүргізгені үшін комиссиялар (бұдан әрі – НШЖК) алуды да көрсеткен жағдайлар анықталды.

«Төлемдер және төлем жүйелері туралы» ҚР Заңының 27-бабына сәйкес осы бапта көрсетілген операциялар жүргізілмейтін, сондай-ақ банктегі немесе банк операцияларын жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдағы бухгалтерлік есептің позицияларын көрсететін шоттар, баланстық шоттың құрауыштары болып табылатын жеке шоттар (қосалқы позициялар), оның ішінде несиелік шоттар банктік шоттар болып табылмайды.

Жоғарыда баяндалғанға орай - НШЖК банк қызметін көрсетуге байланысты комиссия болып табылмайды.

Ұлттық Банк мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп НШЖК өндіріп алу практикасының заңдылығын бағалау бойынша жұмыс жүргізді. Бұл жұмыстың қорытындысы бойынша банктердің қарыз алушылардан НШЖК-ні алу бойынша іс-әрекеттері заңсыз ретінде бағаланды.

 Осы орайда, Ұлттық Банк банктердің атына НШЖК-ні алу тәжірибесін тоқтату қажеттілігі туралы хаттар жолдады.

Банктерге НШЖК-ні алу фактісі анықталған жағдайда Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тиісті шараларды қолдануға құқылы екендігі жөнінде ескертілді.

Ұлттық Банк НШЖК-ні алу тәжірибесін жалғастыруға қатысты кейбір банктердің ісәрекеттерінде анықталған бұзушылықтар бойынша қолданыстағы банктік қарыз шарттары бойынша НШЖК-ні алуды тоқтату ұйғарымы түрінде шектеулі ықпал ету шараларын қолданды.

Консультация алу үшін азаматтар Ұлттық Банктің Қостанай филиалы Қостанай қ., Баймағамбетов к-сі, 195  мекенжайындағы қоғамдық қабылдау бөлмесіне өтініш жасай алады. Анықтамалар үшін телефон (714) 2 990919, 990920.


хат жіберу