Блог статистикасы
195
Жазбалар
4723
Өтініштер
183104
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Несие бойынша мерзімін кешіктіру жағдайы орын алып жатса не істеу керек?

Облысымыздың тұрғындарының тұтынушылық және ипотекалық несиелер бойынша банктерге қарызы 100 млрд. теңгеден артық соманы құрады. Сонымен қатар, осы несиелер бойынша мерзімі өтіп кеткен берешектің көлемі 4 млрд. теңгені құрайды, яғни тұрғындардың белгілі бір бөлігі қарызын өтей алмайды.

Төлемді уақытша жүргізе алмай қалудың себептері түрлі болуы мүмкін, қызметтен қысқарып қалу, денсаулыққа байланысты жоспарланбаған шығындар, тұрмыстық техниканы жөндеу және т.б. деген сияқты. Несие бойынша төлем мерзімін өткізіп алу несие түрлерінің аса көп болуынан да шығады. Салдарынан сот ісі қозғалып, мүлікті тәркілейтін және орындаушылық қағаздарды жұмыс орындарына жіберетін сот орындаушылары шығуы мүмкін. Нәтижесінде несиелік мінездеме бүлініп, алдағы уақытта банктік несиелерге жол жабылады.

Қарыз алушылар өздері ақылдылық танытып, тиісті деңгейде абай болғанда, көп деген қиын жағдайлардың алдын алуға болар еді. Несиелік шартқа қол қоймас бұрын жеке бюджет пен жанұяның бюджетіне талдау жасай отырып, денсаулық жағдайы мен отбасы мүшелерінің жасын ескере тұра өз қаржылық мүмкіндіктері мен қажеттіліктерді асықпай салыстырған жөн. Сонымен қатар барлық шығындарды қоса алғанда несиенің нақты құнын көрсететін жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің көлемін біліп алу қажет. Несиелік шартқа қосылған комиссиялардың тізбесі мен құнын қарау керек. Қажет болған жағдайда менеджерден жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің есебін сұрап алып, барлық комиссиялар жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесіне қосылғанына көз жеткізу керек.

- Егер қарыз алушы несие бойынша кезекті төлем уақыты келіп қалған кезде төлемді жүргізе алмайтындығын түсініп жатса, банктен жасырынудың қажеті жоқ. Керісінше алғашқы күннен бастап банкпен байланысқа шыққан дұрыс.

Қарыз алушының мерзімі өтіп кету күніне шығуынан бастап 30 күнтізбелік күн ішінде берешектің мерзімін өткізіп алу себебін, ағымдағы кірістерді және басқа да куәландыратын мән-жайларды (фактілерді) көрсете отырып банкке жазбаша жүгіну құқығы және қарыз алушының өтінішін 15 күнтізбелік күн ішінде қарастыру және қабылданған шешім туралы жазбаша түрде хабарлау туралы банктің міндеттемесі Заңмен қарастырылғанын ескеру қажет.

Несие бойынша мерзімі өтіп кеткен берешек бір айдан аса созылуына жол бермеу керек. Тіпті несие бойынша төлеуге мүмкіндік болмаса, тез арада банкке келіп,   жағдайды ертерек түсіндіріп, туындайтын қиындықтардың алдын алу мақсатында, банк қандай көмек көрсете алатынын анықтаған дұрыс. Бұл жағдайда банкпен өзара қарым-қатынасты жазбаша, құжаттың қабылданғаны жөніндегі белгіні оның екінші данасына міндетті түрде қойғыза отырып жүргізу қажет.

Егер қарыз алушы кез келген тәсілмен тығылып және банкке қатысты өзінің құқығын пайдаланбаған болса, немесе қарыз алушы мен банк арасында қайта құрылымдау талаптары бойынша келісім болмаса, сонымен қатар, қарыз алушы мерзімі өткен берешекті өтемесе, банк оның шотындағы ақшаны өндіріп алу, қарызды сот арқылы өндіріп алу, кепілдікке берілген мүлікті соттан тыс, не сот арқылы өндіріп алу сияқты бұрын қолданған шаралардан тыс, сондай-ақ қарызды өндіріп алуды коллекторлік агенттікке тапсыруға, немесе өзінің талап ету құқығын үшінші тұлғаға беруге құқылы.

Сондықтан қарыз алушы үшін өзі бірінші болып кездесуді бастап, өзінің қиындықтарын айту қажет. Тек банкпен конструктивті сұхбат арқылы тиісті шешім тауып, ауыр зардаптарды болдырмауға әкелуі мүмкін.

Әр банктер өздерінің борышкерлерімен әр түрлі қарым-қатынаста болады, дегенмен, сотқа жүгініп, кейін қағаз бастылықпен жүргеннен гөрі конструктивті сұхбат арқылы бір шешімге келген дұрыс. Банктер көбіне ортақ бір келісімге келгенді жөн көреді, сондықтан қарыз алушы өзі бастап шешімге келу жолдарын ұсынып жатса, көбіне банктер құптап келіседі.   Несие бойынша негізгі берешекті төлеу бойынша мерзімін шегіндіруді, қарызды қайта қарастыруды, ай сайынғы төлем көлемдерін азайтып несиені ұзартуды, айыппұлдарды алып тастауды және т.б. ұсынуы мүмкін.

Қиын жағдайға әркім тап болуы мүмкін. өз құқығын біліп, несие бойынша мерзімі өтіп кеткен берешек бойынша жауапкершілікті азайтуға болатындығын есте сақтаған жөн.

Кеңес алу, түсініктемелер үшін, сондай-ақ Сіздің құқықтарыңыз бен мүдделеріңізді бұзған жағдайда, ҚР Ұлттық Банкінің Қостанай филиалына Қостанай қ., Баймағамбетов көшесі, 195 мекенжай бойынша, 99-09-19, 99-09-20 тел., е-mail kost_80@nationalbank.kz арқылы, сондай-ақ «НБК Online» мобильді қосымша арқылы хабарласуыңыз қажет.


хат жіберу