Блог статистикасы
195
Жазбалар
4723
Өтініштер
183153
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

«Астана Банкі» АҚ, «Qazaq Banki» АҚ және «Эксимбанк Қазақстан» АҚ салымшыларының назарына

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (бұдан әрі - Қор) таратылатын банктердің («Астана Банкі» АҚ, «Qazaq Banki» АҚ және «Эксимбанк Қазақстан» АҚ) салымшылары - жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге өтем төлеуді жалғастыруда. Жинақталған сыйақыны ескере отырып, салымдарға салынған ақша ағымдағы шоттар мен төлем карточкаларына қайтарылады.

Өтелетін ақша банк-агенттерде төлем басталғаннан бастап қарастырылған және кез келген уақытта қол жетімді.

Әзірге өтемақы алмаған салымшылар жеке тұлғаларға қызмет көрсететін кез келген бөлімшеге жүгіне алады:

- 24 маусымға дейін - «Qazaq Banki» АҚ салымшылары (банк-агент – «Банк ВТБ (Қазақстан)» АҚ ЕҰ);

- 26 шілдеге дейін – «Астана Банкі» АҚ салымшылары (банк-агент – «Еуразиялық банк» АҚ);

- 4 тамызға дейін – «Эксимбанк Қазақстан» АҚ (өтемақы төлемдері «Қазпочта» АҚ   орталық бөлімшелері арқылы жүргізіледі).

Өтемақы төлеу бойынша кеңесті мына мекенжай бойынша ала аласыз:

- Қордың колл-орталығында 1460 қысқа нөмірі арқылы (тегін);

- Қордың телеграмма-чатында: @KDIF_Ask арқылы;

                - Қордың Facebook ресми парақшаларында: @KDIFKZ, Instagram: Deposit_KZ

 

- ҚР Ұлттық Банкі Қостанай филиалының +7 (7142) 990919, 990920, 990921) телефоны арқылы.

хат жіберу