Блог статистикасы
195
Жазбалар
4724
Өтініштер
183177
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

ҰОС қатысушылары мен мүгедектер және балаларды әлеуметтік қорғау 2019

2019 жылдың 1 сәуіріне аудан бойынша 4 ҰОС қатысушысы, тыл еңбеккерлері 348 адам, соның ішінде ҰОС жылдарында қажырлы еңбегі үшін ордендермен және медальдармен марапатталған 15 адам есепте тұр.

2019 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша ауданда 1241 мүгедек туралы мәлімет бар, оның ішінде 98 бала.

Жыл басынан «Сосновый бор» шипажайына сауықтыру үшін 15 мүгедек жүгінді.

Медициналық-әлеуметтік мекемелерде тәулік бойы тұрақты тұруға 2 мүгедек мұқтаж.

Арнайы қозғалыс құралдарын (кресло-арбаларды) алуға 5 мүгедек мұқтаж. Сурдотехникалық құралдарға 5 мүгедек, тифлотехникалық көмекке 3 мүгедек мұқтаж.

Протезді- ортопедиялық көмекке 20 мүгедек мұқтаж, соның ішінде 2 мүгедек бала .

Гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге 69 мүгедек мұқтаж,

оның ішінде 18 мүгедек бала. Осы мақсаттарға 16415,0 мың теңге сомасында қаражат бөлінді, оның ішінде республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен 9549,0 мың теңге сомасында.

20 мүгедек жеке көмекшінің қызметін қажет етеді. 19 жеке көмекшілердің көрсеткен қызметтеріне ақы төлеуге 2769,0 мың теңге сомасында қаражат бөлінді, оның ішінде 189,0 республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен. Жыл басынан бері аталған қызмет түрі 498,3 мың теңге сомасында төленді, оның ішінде республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен 50,7 мың теңге.

Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2019-2023 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес ауданда 01.04.2019 жылғы жағдай бойынша әлеуметтік және көліктік инфрақұрылым объектілерін мүгедектердің қажеттіліктеріне бейімдеу бойынша жұмыс біртіндеп басталады. 2019-2020 жылдарға 16 нысанды бейімдеу жоспарланған, оның ішінде 2019 жылы – 7 нысан.

Мәслихаттың 2014 жылғы 14 қарашадағы № 194 «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы» шешіміне сәйкес мүгедек балаларды үйде тәрбиелейтін және оқытатын отбасыларына жергілікті бюджет қаражатынан жәрдемақы төлеу жүргізіледі, оның мөлшері 4 айлық есептік көрсеткішті құрайды, яғни 10100 теңге. Осы санаттағы алушылар үшін 2019 жылы жергілікті бюджеттен 1 млн 700 мың теңге жоспарланған. Ағымдағы жылдың басынан 21 мүгедек балаға 407,4 мың теңге көлемінде жәрдемақы төленді.

хат жіберу