Блог статистикасы
195
Жазбалар
4742
Өтініштер
183624
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Мүгедектермен жұмыс

2019 жылғы 1 шілдеге аудан бойынша 4 ҰОС қатысушылары, 339 тыл еңбекшілері, соның ішінде жанкешті еңбегі үшін ҰОС жылдары ордендар мен медальдармен марапатталғандар саны 15-ке жетті.

2019 жылғы 1 шілдеге ауданда 1433 мүгедектер, соның ішінде 116 – бала туралы ақпарат бар.

Жыл басынан бері «Сосновый бор» санаториясында сауығу үшін 44 мүгедек жүгінді.

Медициналық-әлеуметтік мекемеде тәулік бойы тұрақты тұруда 3 мүгедек қажет етеді.

Арнаулы қозғалыс құралдарын (кресло-арбалар) алуды 7 мүгедек қажет етеді. Сурдотехникалық құралдарды 9 мүгедек, тифлотехникалық құралдарды 4 мүгедек қажет етеді.1 шілдеге 1 сурдоқұрал 1 мүгедекке, 9 тифлоқұрал 7 мүгедекке берілді.

24 мүгедек протезді-ортопедиялық көмекке, соның ішінде 4 бала-мүгедек мұқтаж.

Гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуді 74 мүгедек, соның ішінде 29 бала-мүгедектер мұқтаж.Осы мақсаттарға 16415,0 мың теңге сомасында қаражат бөлінді, оның ішінде республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен 9549,0 мың теңге сомасында. 2019 жылдың 1 шілдеге 70 мүгедек гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілді, оның ішінде 28 мүгедек бала 5047,3 мың теңге сомасында.

23 мүгедектер жеке көмекшінің көмегіне мұқтаж.22 жеке көмекшілер көрсететін қызметтерді төлеуге 2823,0 мың теңге сомасында қаражат бөлінді, оның ішінде 243,0 мың теңге республикалық бюджеттен трансферттер есебінен. Жыл басынан бері аталған қызмет түрі 1280,9 мың теңге сомасында төленді, оның ішінде республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен 86,7 мың теңге.

2019-2023 жылдарына Қазақстан Республикасында мүгедектердің өмір сапасын жақсарту мен құқықтарын қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес ауданда 2019 жылдың 1 шілде жағдайы бойынша мүгедектер мұқтаждықтарына транспорттық инфрақұрылымдар мен әлеуметтік объектілерін бейімдеу бойынша жұмыстар басталды. 2019-2020 жылдарға 16 объект, соның ішінде 2019 жылы -7 объект бейімдеу жоспарланылды.

2014 жылғы 14 қарашадан № 194 «Мүгедектер санынан мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқытуға кеткен шығындарды өтеу туралы» маслихаттың шешіміне сәйкес мүгедек балаларын үйде оқытып, тәрбиелеп отырған отбасыларға жергілікті бюджет қаражатынан 4 айлық есептік көрсеткішті яғни 10100 теңгені құрайтын жәрдемақы төленеді. Осы санаттағы алушылар төлемдері үшін 2019 жылы жергілікті бюджеттен 1 млн.700 мың теңге жоспарлануда. Жаңа жылдан бастап 22 мүгедек балаға 1011,4 мың теңге жәрдемақы төленді.

хат жіберу