Блог статистикасы
195
Жазбалар
4742
Өтініштер
183681
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Әлеуметтік көмек

Әулиекөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) әлеуметтік көмек көрсетуді жалғастыруда. Жан басына шаққандағы орташа табысыкедейлік шегінен төмен отбасыларға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (МАӘК) көрсетіледі. Кедейлік шегі ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан ( оның мөлшері 2 тоқсанға – 20789 теңге) 70% құрайды. Осы санаттағы алушылар төлемдері үшін 2019 жылы жергілікті бюджеттен 38 млн. 415 мың теңге, республикалық бюджеттен 212 млн. 913 мың теңге жоспарланылды.

2018 жылдың 1 ақпанынан атаулы әлеуметтік көмек 2 түрге бөлінді.

1. Шартсыз ақшалай көмек ( әрі қарай ШАК) – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысу мүмкіндігі шектеулі аз қамтылған азаматтарға (отбасыларға) ай сайынғы ақшалай төлемдер түрінде көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмектің түрі,.

2. Шартты ақшалай көмек - қажет болған жағдайда, әлеуметтік бейімдеу шаралары мен (немесе) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына міндетті қатысқан жағдайда аз қамтылған азаматтарға (отбасыларға) ай сайынғы және (немесе) біржолғы ақшалай төлем түрінде көрсетілетін, атаулы әлеуметтік көмектің түрі.

Мемлекеттік атаулы көмек 2019 жылғы 1 шілдеге582 отбасыға (2709 адам) 155307,8мың теңге сомасы төленді, соның ішінде:

- Шартсыз ақшалай көмек 98 отбасыға (396 адам) 29462,3мың теңге. Орташа мөлшер 12400 теңгені құрайды.

- Шартты ақшалай көмек 484 отбасыға (2313 адам) 125845,5мың теңге. Орташа мөлшер 9068 теңгені құрайды.

 

2013 жылғы 21 мамырдан № 504 «Мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттары тізбесін анықтау мен өлшемдерін белгілеу, әлеуметтік көмек көрсетудің Үлгілік ережесін тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысын орындау үшін мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттары тізбесін анықтау мен өлшемдерін белгілеу, әлеуметтік көмек көрсетудің Ережесі аудандық маслихат шешімімен бекітілді. Көмек көрсету үшін 2019 жылға бюджеттен 21 млн.691 мың теңге бөлінді.

Осы қаражаттар мерекелік күндерге, жеке өтініштері бойыншахалықтың осал топтарына, әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтарға, азқамтылғандарға тағайындалатынәлеуметтік көмектің 9 түріне төлеуге қаланды. 2019 жылғы 1 шілдеге әлеуметтік көмектің әр түрін 14161,5мың теңге сомасына 576 адамға төленді.

 

хат жіберу