Блог статистикасы
195
Жазбалар
4428
Өтініштер
175556
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы

Әулиекөл ауданында 2018 жылғы 9 қарашадағы жағдайы бойынша Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыру бойынша ақпарат
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде ішкі мигранттар мен оралмандарды еліміздің жұмыс күші артық өңірлерден жұмыс күші тапшы өңірлерге қоныстандыру туралы ақпарат
"Бизнес-Бастау" жобасы
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы

Паспорт (негізгі параметрлер) 

 Атауы

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы

 Әзірлеу үшін негіздеме

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы                     Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы                               9 қыркүйектегі кеңейтілген отырысының                                 № 01-7.8 хаттамасы

Үкіметтік бағдарламаны әзірлеуге және іске асыруға жауапты мемлекеттік органды көрсету

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі – Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі – Бағдарламаның екінші бағыты бойынша

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі – Бағдарламаның үшінші бағыты бойынша, Бағдарламаны жалпы үйлестіру

 Мақсаты

Халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту

 Міндеттері

1. Еңбек нарығының қажеттілігін есепке ала отырып техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау.
2. Еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер мен дағдылар бойынша жұмысшы кадрларды қысқа мерзімді кәсіптік оқу.
3. Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту.

4. Ауылда және қалада микрокредит беруді кеңейту.
5. Жұмыссыздарды және өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдарды жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу.

6. Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру.

7. Жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаң құру

Іске асыру мерзімдері 

2017 – 2021 жылдар

 Нысаналы индикаторлары

Бағдарламада қойылған міндеттерді орындау жолымен                 2021 жылға қарай мынадай нысаналы индикаторларға қол жеткізіледі:

1)            жұмыссыздық деңгейі 4,8 %-дан аспайтын болады    (2016 жылғы 3-тоқсан – 4,9 %);

2)            жұмыс күшінің құрамындағы негізгі, орта, жалпы және бастауыш білімі бар еңбек ресурстарының үлесі               20 % (2016 жылғы 3-тоқсан – 27 %);

3)            өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық құрамындағы нәтижесіз жұмыспен қамтылған адамдардың үлесі –                      10 %-дан аспайды (2016 жылғы 3-тоқсан – 16 %);

4)            белсенді жұмыс істейтін ШОБ субъектілерінің өсуі 10 %-ды құрайды  (2016 жылғы 3-тоқсан – 1 241 мың субъекті)

Қаржыландыру көздері және көлемі

1)             республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат:
2017 – 40 295 647 мың теңге;
2018 – 40 664 637 мың теңге;
2019 – 41 540 291 мың теңге;

 

2)             жалпы сипаттағы  трансферттердің есебінен бөлінетін қаражат:

2017 – 45 038 436 мың теңге;

2018 – 45 391 093 мың теңге;
2019 – 45 453 119 мың теңге

хат жіберу