Блог статистикасы
195
Жазбалар
4615
Өтініштер
179495
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

2019 жылы жазда Қостанай облысы толығымен ЦЭТХТ-ға көшеді

Қостанай облысы аналогты телехабар таратуды өшіруге дайын. Өңірде цифрлық эфирлік телехабар таратуды енгізу бойынша жобаны іске асыру толығымен аяқталды. Бұл туралы Қостанай ОРТТД бас инженері Анатолий Тютюнник хабарлады. Оның айтуынша, алға қойылған міндеттерді орындау мақсатында облыста 59 радиотелевизиялық станцияның құрылысы салынып, жаңғыртылды, оның 32-сі жаңадан тұрғызылған. Қазіргі кезде барлық РТС пайдалануға енгізіліп, толығымен жұмыс істеп тұр.

«Бүгінгі таңда Қостанай облысында цифрлық эфирлік телехабар тарату қазірдің өзінде қолжетімді. Жобаны іске асыру өңірде 2018 жылы желтоқсан айында аяқталды. Жасалған жұмыстардың қорытындылары бойынша халықтың 98%-ы цифрлық эфирлік хабар таратумен қамтылған. Облыстың ең шалғай елді мекендерінің тұрғындары дыбыс пен суреттің цифрлық сапасымен 15 шақты телеарнаны көруге, ал облыс орталығы мен оған жақын аудандарда 30-ға жуық отандық телеарнаны көруге еркін қол жеткізіп отыр», – деді Анатолий Тютюнник.

«Қазтелерадио» АҚ Қостанай облысы бойынша филиалының бас инженері, сондай-ақ, облыстағы 627 елді мекеннің 49-ы ЦЭТХТ-мен қамту аймағына кірмейтінін хабарлады. Ол көрсетілген елді мекендердің тұрғындарын сапалы телевизиямен қамту мақсатында халықты ақпараттандыру және оларды ұлттық жерсеріктік оператор «OTAU TV»-ге қосу жөнінде жұмыстар жүргізілгенін атап өтті.

«Облыстың 2000-дай үй шаруашылығы ЦЭТХТ-мен қамту аймағына кірмейді, сөйте тұра оларға сапалы телевизия қолжетімді. Қазіргі сәтте 1500-ден астам үй ұлттық оператор OTAU TV жерсеріктік телевизиясына қосылған. Халықты толықтай қамтуды қамтамасыз ету үшін жерсеріктік телевизияға 4500-дей үй шаруашылығын қосуымыз қажет», – деп атап көрсетті Анатолий Тютюнник.

Сөзінің аяғында «Қазтелерадио» АҚ Қостанай облысы бойынша филиалының бас инженері атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларды цифрлық қабылдағыштармен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар туралы да айта кетті.

Оның сөзінше, облыстық және аудандық әкімдіктердің қолдауымен 2019 жылдың аяғына дейін 863 атаулы әлеуметтік көмек алушыға цифрлық сигнал қабылдағыш берілетін болады. Барлық отбасыларды жабдықпен қамтамасыз ету үшін бюджеттен 9,5 млн. теңге бөлінді.

Қостанай облысында аналогты телехабар таратуды өшіру 2019 жылғы маусым айына жоспарланған, сондай-ақ, үстіміздегі жылдың жазында Алматы және Павлодар облыстары ЦЭТХТ-ға толық көшеді. Бұдан бұрын 2018 жылы аналогты телевизия Маңғыстау, Жамбыл, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласында 100% өшірілді. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында елде цифрлық эфирлік телехабар таратуға кезең-кезеңмен көшу жоспарланған. Осы бағдарламаға сай 2021 жылға қарай Қазақстан аналогты телехабар таратудан толықтай бас тартады.

хат жіберу