Блог статистикасы
195
Жазбалар
4899
Өтініштер
190921
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Қостанайлық бизнес 2016 жылды қалай өткізді

2017 жылды қарсы ала отырып, өткен жыл кібісе жыл болғанымен кәсіпкерлер үшін қолайлы жыл болды деуге болады. Кәсіпкерліктегі соңғы жылдардың хронлогиясын талдай отырып, кейбір сарапшылар 2010 жылды сектордың неғұрлым белсенді және тиімді қалыптасудың басы деп санайды. Сонда, жеті жыл бұрын республикалық деңгейде «Бизнестің жол картасы 2020» кіші және шағын бизнесті дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыру туралы шешім қабылданды. Бүгінгі күні бағдарлама қолдау сегментінің бірден бір құралы болғанын мойындау керек. БЖК 2020 аясында түрлі экономика саласында: өнеркәсіп, көлік, қоймалау, әлеуметтік қызмет, туризм, денсаулық сақтау, білім беру және басқа да көптеген жобалар көмек алуда.

2016 жыл облыс үшін қалай сәтті аяқталғаны туралы бізге «Даму» Қорының Қостанай облысы бойынша директоры Замира Оразбаева айтып берді.

* Барлығы 2016 жылы облыс бойынша «Бизнес жол картасы 2020» бағдарламасфы аясында 123 жобаға қолдау көрсетілді. Жалпы несие портфелі 12,6 миллиард теңгені құрды. Осы уақыт аралығында кепілдендіру бойынша 524,4 млн теңгеге 47 шарт жасалды.

* Қандай облыс аудандары ең белсенді?

* Бағдарламаны сапалы іске асыру бойынша Қостанай қаласы көшбасшы болып тұр, одан кейін Қостанай ауданы мен Рудный қаласы тұр. Өкінішке орай, ең төмен көрсеткіштері бар аударнарымыз да бар олар: Жетіқара қаласы, Алтынсары және Жангелді аудандары.

* Қандай банктерден кәсіпкерлерге несие алу жеңілдеу?

* Екінші деңгейлі банктерге келсек, бағдарламаны іске асыру бойынша ең белсенді Қазақстан Халық Банкі, Банк ЦентрКредит, ForteBank болып табылады.

* Замира Сейткалиевна, көбіне қандай бизнес мемлекеттік қолдау үшін жүгінеді?

* Көштің басында сауда, өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы тұр. Моноқалаларда көбінесе сауда субсидияланады, ал аудандарда сауда және ауыл шаруашылығы. Жұмыс істеу мәртебесі бойынша бөлсек: 91 % - бұл жұмыс істеп тұрған бизнес, қалған 9 % - жаңадан бастаған бизнес. Жобалардың орналасқан жері бойынша бөлсек: 51% - Қостанай облысының қалаларында, және 49 % - аудандарда орналасқан.

* Өткен жылы жаңа кәсіпкерлерді аймақтық қаржыландыру бағдарламасы бастау алды. Сол бағдарламаның табысы туралы айтып беріңізші?

Бағдарлама «Қос Қолдау» деп аталады. Осы бағдарлама бойынша облыс Әкімшілігі 250 млн. теңге және Даму Қорынан 250 млн теңге бизнеске жеңілдікпен несие беру үшін бөлінді. Бұл қаражат Банктерге берілді, олар өз кезегінде кәсіпкерлерге жылдық 8,5%-бен қарыз береді. Өткен жылы осы бағдарлама аясында 324 млн. теңгеге 15 жоба қолдау алды. Ағымдағы жылдың 1 қаңтарына 79% игерілді, толық сома 7 наурызға дейін игеріледі.

* Сіз қандай қорытынды жасадыңыз?

* Мемлекеттік қолдау бағдарламасының әр қайсысы өзінше ерекше. Сол бағдарламалардың арқасында кәсіпкерлер өндірісін ашып, ұлғайтады, тауар мен шикізат сатып алады, өндірісті жаңғартады, төмен мөлшерде несиелер алады. Мемлекет жаңадан бастаған кәсіпкерге де, жұмыс істеп тұрған кәсіпкерге де, аяғында нық тұрған кәсіпкерге де көмектеседі. Көмек сұрап келуден қорықпау керек, бар болғаны сол.

хат жіберу