Блог статистикасы
195
Жазбалар
4797
Өтініштер
186583
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған спорт іс-шаралар

Өткен демалыс күндері Әулиекөл ауданында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған волейбол және мини-футбол бойынша жарыстар өтті. Волейболдан аудандық жарыс Әулиекөл ауылының "Болашақ" стадионда және Ш. Уәлиханов ОМ спорт залында өткізілді. Жарысқа Әулиекөл, Новоселов, Диев, Аманқарағай, Новонежин, Москалев ауылдары және Құсмұрын кентінің ерлер мен әйелдер командалары қатысты. Жүлделі орындар келесі ретпен бөлінді:

Ерлер: 

1 орын - Новоселов а/а

2 орын – Диев а/а 

3 орын – Әулиекөл а. 

Әйелдер:

1 орын – Новоселов а/а

2 орын – Аманқарағай а/а

3 орын – Әулиекөл а. (Ш.Уәлиханов ат. ОМ)

Аманқарағай ауылында 26 қараша күні ұйымдар арасында мини-футбол бойынша турнир өткізілді. Турнирге қатысқан ұйымдар: Аманқарағай дәрігерлік амбулатория, Темір жол вокзалының желілік полиция бөлімі, №1 өрт сөндіру бекеті, Аманқарағай участкі полицейлері және Аманқарағай №2 мен Н.Островский атындағы орта мектептерінің мұғалімдер. Жарыс қорытындысы бойынша Игілік Мақсат, Виталий Петров, Байжанов Ғабит, Жангужин Жәнібек үздік ойыншылар атанып, марапатталды. Ойын қорытындысын есептеуден кейін 1 орынға ЖПБ т/ж вокзалы командасы ие болды, 2 орын - Н.Островский ат. ОМ, 3 орын - №1 өрт сөндіру бекеті.

Жарыс жеңімпаздары грамоталармен және тиісті дәрежедегі медальдар мен кубоктармен марапатталды.


хат жіберу