Блог статистикасы
195
Жазбалар
4807
Өтініштер
187482
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Ауғаныстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шығарылғанының 30-жылдығына орай футзал бойынша Біріншілігі

2019 жылдың 2 ақпанында Әулиекөл БЖСМ спорт залында Ауғаныстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 30 жыл толуына орай 16-17 жастағы жасөспірімдер арасында футзалдан аудандық Біріншілік өтті. Жарыс аясында Харекет Республикалық қайырымдылық қорының еріктілері қайырымдылық жәрмеңкесін өткізді. Барлық түскен қаражат Харекет қорына аударылды, ол мүгедектер, көп балалы және аз қамтылған отбасылар үшін тұрғын үй алумен айналысады. Салтанатты ашылу рәсімі кезінде спортшылар мен қонақтардың алдында Әулиекөл ауданы әкімінің орынбасары Алмаз Аманболұлы Жылыспаев, сондай-ақ Ауғанстандағы әскери іс-қимылдарға қатысушы Шаймуханов Сакен Сагиевич құттықтау сөз сөйледі. Турнирдің бас төрешісі - Разах Думан Жетпісбайұлы - дене шынықтыру және спорт бөлімінің әдіскері.

Біріншілікке Әулиекөл ауданы мектептерінен 8 команда қатысты:

1) Әулиекөл ауылы

2) Әулиекөл С.Баймағамбетов ат.мектеп-гимназиясы

3) Әулиекөл ауыл-шаруашылық колледжі

4) Аманқарағай №2 ОМ

5) Құсмұрын №121 ОМ

6) Құсмұрын № 28 ОМ

7) Тимофеев ОМ

8) Новоселов ОМ

Ойын 2 топшада өтті, нәтижесінде финалға 4 команда шықты: Әулиекөл а., №121 Құсмұрын ОМ, №2 Аманқарағай ОМ және № 28 Құсмұрын ОМ. Пенальти сериясында 3-4 орын үшін № 2 Аманқарағай орта мектебінің командасы жеңіске жетті. 1 және 2 орын үшін № 28 Құсмұрын ОМ және Әулиекөл ауылы командалары күресті. Қызу ойын нәтижесінде 3:1 есебімен Әулиекөл ауылының командасы жеңіске жетті (жаттықтырушы – Жангужин Азамат Асылханұлы).

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Біріншілікті ұйымдастырушылардың – Әулиекөл дене шынықтыру және спорт бөлімінен кубоктармен, медальдармен, мадақтамалармен, сондай-ақ шағын футбол ойындарына арналған доптармен марапатталды.


хат жіберу