Блог статистикасы
195
Жазбалар
4615
Өтініштер
179483
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 28 Мая 2019

Ауданың жаналықтары

"Өнеріміз саған, Қазақстан!" - атты ХХХІІІ облыстық халық шығармашылығы көркемөнерпаздар фестивалінде Әулиекөлдіктер жеңіске жетті. 27 мамыр күні Қостанай қаласының Жастар сарайында жыл сайынғы облыстық мәдениет қызметкерлері фестивалінің жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті.  Көркемөнерпаздар байқауының қорытындысы бойынша Əулиекөл ауданы мүмкін болатын 575 ұпайдың 570 ұпайын жинады. Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов абсолюттік жеңімпаз кубогы мен 2 миллион теңге көлеміндегі сертификатты Әулиекөл ауданының әкімі Асхат Кисиковқа және Əулиекөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жібек Тоқаеваға табыс етті. Сонымен қатар, мәдениет қызметкері күніне және мәдениет саласына қосқан үлесі үшін Әулиекөл аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Светлана Серкебаева және Әулиекөл аудандық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Петр Сотник жоғары мадақтамаларға ие болды. Ресми бөлім аяқталған соң, Қостанай облысының қалалары мен аудандары әртістерінің қатысуымен гала-концерт өтті.





 
Курс валют в Казахстане


хат жіберу