Блог статистикасы
195
Жазбалар
4610
Өтініштер
179332
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Ауданың жаналықтары

Әулиекөл аудандық мәслихатшешім жобасына 2016 жылғы 5 шілдедегі № 43 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» мәслихаттыңшешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

«Әулиекөл ауданы әкімінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-мен «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 5 шілдедегі № 43 мәслихат шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім жобасы әзірленді».

Осы шешім жобасын әзірлеудің мақсаты Ұлы Отан соғысындағы жеңіс күніне арналған іс-шараларды дайындау және өткізу жөніндегі Жоспарды іске асыру болып табылады.

Жоба «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес әзірленді.

Осы нормативтік құқықтық актісінің жобасы қарастырады:

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай, 300 000 теңге мөлшердегі біржолғы әлеуметтік көмек төлемін

Сондықтан жобаны қабылдау Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін әлецметтік қолдау үшін қажет

Шешім жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкелмейді.





 
Курс валют в Казахстане


хат жіберу