Блог статистикасы
195
Жазбалар
5013
Өтініштер
202468
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 1 Августа 2018

Ауданың жаналықтары

Адамзат құбылысында тіл алдыңғы кезекте ойлау құралы, содан кейін ғана сол ойды жеткізуші құрал ретінде қалыптасқан. Әр адам қай тілде ойласа сол тіл – Ана тілі екендігі сөзсіз. Осы орайда әр қазақтың, таза қазақ тілді әр қазақстандықтың ана тілі – қазақ тілі деп айтуға толық негіз бар екендігін көреміз. Қазақстан Республикасында мемлекет құраушы ұлт қазақ ұлты болғандықтан оның мемлекеттік тілі қазақ болатыны анық. Бір тілде сөйлеу елдің тұтастығы мен бірлігінің бірден бір кепілі. Сондықтанда тілді заман көшінен қалдырмай, оны болашаққа негіздеу бүгінгі күннің міндеті. 2017 жылы сәуір айында жарық көрген «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты Елбасының бағдарламалық мақаласында көтерілген мемлекеттік тілді латын графикасына көшіру жұмыстарын бастау туралы міндеттері жарқын болашаққа жасалған алғашқы қадам болды. Себебі мемлекеттік тіліміздің латын қаріптерімен бейнелеуінің көптеген тиімді жақтары бар. Оны ауданымызда арнайы құрылған ақпараттық-түсіндіру тобы жергілікті халыққа кең көлемде жеткізіп таныстырып жатыр. Қазіргі танда үкімет басшысы жанынан құрылған ұлттық комиссия 2025 жылға дейінгі уақытты үш кезеңге, яғни І кезең - 2018-2020, ІІ кезең – 2021-2023 және ІІІ кезең – 2024-2025 жылдарға бөліп, ұлттық комиссия жанынан құрылған төрт орфографиялық, методикалық, терминологиялық және технологиялық жұмысшы топ мемлекеттік тілді латын графикасына негіздеу бағытында жұмыстар жүргізіп жатыр. 2018-2020 жылдар аралығында ұлттық комиссия мемлекеттік тілдің латын графикасындағы арнайы ережесін жасап, оны оқытатын арнайы оқулықтар, конверторлық программалар, терминологиялық сөздіктер шығарады. 2021-2023 жылдар аралығында білім беру ұйымдары, жергілікті атқарушы органдар түгелдей латын қарпіне көшіру жоспарланса, 2024-2025 жылдар аралығында орталық атқарушы органда, БАҚ, мерзімді басылым толық латын қарпіне көшірілетін болады. Бұл мемлекеттік тілді латын қарпіне көшіру бойынша 2025 жылға дейін атқарылатын жұмыстар.

Тіліміздің бейнелеуін заман талабына сай жаңарту – рухтың жаңғыруына жол ашады. Қазақ тілі ғаламтор тілінде сөйлейтін болса, онда қоғамның барлық саласында кеңінен қолдау табатыны сөзсіз.

«Әулиекөл ауданы әкімдігінің 

аудандық тілдерді оқыту орталығы» 

КММ директоры Н.М. Игиликов




 
Курс валют в Казахстане


хат жіберу