Блог статистикасы
195
Жазбалар
5013
Өтініштер
202465
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Ауданың жаналықтары

Ұлттық домбыра күніне орай Әулиекөл ауданының Мәдениет үйінде 1шілде күні «Домбыра – асыл мұра» атты мерекелік концерт өтті.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген жаңа мейрам – Ұлттық домбыра күні жыл сайын шілде айының бірінші жексенбісінде аталып өтілетін болады. Осы тұста қазақ музыкасының қаршығасы Ахмет Жұбановтың мына бір сөзі еске түсіп отыр. «Кең даланы мекен еткен қазақ жұртының ең аяулы қасиетті аспабы – домбыра. Оның сымдай тартылған қос ішегінде сан ғасырлардың ақыл-ойы, көңіл-күйі жатыр. Домбыра – елдің көнекөз шежіресі» деп еді музыка майталманы. Қазіргідей дамыған заманда домбыраның үні алты қыр емес, алты құрлықтың көркін келтіріп, қазақ даласын ұлттық аспаптың күмбіріне бөлейтіні сөзсіз.

Ұлттық домбыра күніне орай өткізілген іс-шарада құттықтау сөз ауданымыздың Құрметті азаматы Сағындық Досмағамбетұлына берілді. Сағындық ағамыз сөзден маржан тізбектеп, осы мерекелік іс-шараның бірінші бастауында, көзінің қарашығындай сақтаған 62 жыл болған домбыраны аудандық Тарихи залына табыстады.

Мерекенің көркін өнер мектебінің, ауылдық округтардың, Мәдениет үйінің биші, жыршы, домбырашылары қатысып, «Жігер» тобы бабадан қалған күйді тартса, Ерлан Касымов қазақтың қара домбырасы мен халықты жырға бөледі.





 
Курс валют в Казахстане


хат жіберу