Қазақстанда «7-20-25» ипотекалық тұрғын үй кредиттеу Бағдарламасы іске қосылды.

Бағдарлама бойынша қарыз алу үшін жеке тұлға мына талаптарға сәйкес келуге тиіс:

1) Қазақстан Республикасы азаматтығының болуы;

2) еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен алынатын кірісінің болуы;

3) ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша өтелмеген берешегінің болмауы;

4) Бағдарламаға қатысушы банкке өтініш берген сәтте меншік құқығында Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үйінің болмауы.

Банктер қарыз алушыға Бағдарламаның талаптарына қайшы келмейтін қосымша талаптар белгілеуі мүмкін.

Банк ипотекалық тұрғын үй қарызын бергенге дейін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және банктің ішкі құжаттарына сәйкес қарыз алушының және қоса қарыз алушының (бар болса) кредит төлеуге қабілеттілігін бағалауды жүзеге асырады.

Бағдарламаның қолдану мерзімі белгіленбеген, яғни Бағдарлама мерзімісіз. Займды тек теңгемен ғана алуға болады. Қарызды бергені және оған қызмет көрсеткені үшін комиссия алуға банктерге тыйым салынған.

Тұрғын үйдің болмау мерзімі бойынша талап белгіленбейді. Қарыз алушы қарыз алу үшін Бағдарламаға қатысушы банкке өтініш берген сәтте меншік құқығында тұрғын үйі болмауға тиіс. Тұрғын үйдің болмауы жөніндегі талап тек қарыз алушыға ғана қолданылады. Тұрғын үйдің болмауы жөніндегі талап жылжымайтын тұрғын үй объектілеріне қолданылады, бұл ретте меншіктегі үлес жылжымайтын тұрғын үйдің жеке объектісі болып табылмайды.

Қоса қарыз алушыларды тартуға рұқсат беріледі. Бағдарламада қарыз алушылар үшін белгіленген талаптар қоса қарыз алушыларға қолданылмайды, оларға қойылатын талаптарды банк дербес белгілейді.

Бағдарламада өтелмеген ипотекалық тұрғын үй қарызы бар адамға қарыз беруге тыйым көзделген.

Басқа қарыздарыңыздың болуы Сіздің кредит төлеуге қабілеттілігіңізді бағалауға және Бағдарлама бойынша әлеуетті қарыз мөлшеріне әсер ететін болады.

Қарыз алушының кредиттік тарихындағы мерзімі өткен қарыздар қарыз алушының Бағдарламаға қатысушы банк жүзеге асыратын кредит төлеуге қабілеттілігін бағалауға теріс әсер етеді.

Бағдарлама бойынша қарыз алушының жасы бойынша шектеулер көзделмейді. Қарыз алушы қарыз мерзімін банкпен келісім бойынша айқындайды.

Бағдарлама талаптары барлығы үшін бірдей болып табылады, сондықтан азаматтардың жекелеген санаттары үшін қандай да бір жеңілдіктер көзделмейді.

Бастапқы жарна сатып алынатын тұрғын үйдің кепіл құнының 20%-ы мөлшерінде есептеледі. Сатып алынатын тұрғын үйдің кепіл құнын анықтауды қатысушы банк жүзеге асырады. Бастапқы жарна ақшалай қаражатпен енгізілуге тиіс. 20% мөлшеріндегі бастапқы жарна белгіленген мөлшер болып табылады және ол қарыз алғанға дейін бір төлеммен төленеді.

Сатып алынатын тұрғын үй орналасқан жер бойынша, сондай-ақ қарыз алушының нақты тіркелген жері бойынша шектеулер белгіленбейді.

Құрылыс салушыдан жаңа салынған, пайдалануға берілген тұрғын үйді ғана сатып алуға болады.

Бұрын алынған ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыруға рұқсат берілмейді.

Бағдарламаның талаптары және түсініктемелермен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі ресми интернет-ресурсында http://www.nationalbank.kz/?docid=3539&switch=kazakh толығырақ танысуға болады.

Кеңес алу, түсініктемелер үшін Ұлттық Банкінің Қостанай филиалына Қостанай қ., Баймағамбетов көшесі, 195 мекенжай бойынша, 99-09-13, 99-09-24,99-09-10 тел., е-mail kost_80@nationalbank.kz арқылы, сондай-ақ «НБК Online» мобильді қосымша арқылы хабарласуға болады.

БАҚ-та, әкімдіктің ресми сайтында және Instagram парақшасында жариялау үшін хабарландыру 11/11/2019 БАҚ-та, әкімдіктің ресми сайтында және Instagram парақшасында жариялау үшін хабарландыру

2019 жылғы 21 қарашада Мемлекет басшысының «еститін мемлекет» тұжырымдамасын ілгерілету жөніндегі міндеттерін іске асыру аясында облыс әкімдігі ғимаратында Бірыңғай (Ұлттық) азаматтарды қабылдау күні өтеді.

Внешний код: 71991
Дата создания: 11.11.2019 16:03:21
Дата изменения: 11.11.2019 16:03:21

Баспасөз релизі 11/11/2019 Баспасөз релизі

Қостанай облыстық мәслихаттың «Мәслихаттың 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 347 «Қостанай облысының 2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімінің жобасына 2019 жылдың 9 қарашадағы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=2480826 жарияланған.

Внешний код: 71986
Дата создания: 11.11.2019 15:27:39
Дата изменения: 11.11.2019 15:31:03

Облыс әкімі Kostanay Plaza СОО екінші кезегінің құрылысын көрді 11/11/2019 Облыс әкімі Kostanay Plaza СОО екінші кезегінің құрылысын көрді
Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Қостанай облысы обьектілерін аралау барысында Kostanay Plaza сауда-ойын-сауық орталығында болды.  

Внешний код: 71989
Дата создания: 11.11.2019 15:58:05
Дата изменения: 11.11.2019 15:58:05

Табысты өңіраралық ынтымақтастық 08/11/2019 Табысты өңіраралық ынтымақтастық

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен қазақстандық делегация құрамында Ресей Федерациясының Омбы қаласында өтіп жатқан XVI Қазақстан және Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына (Форум) қатысты.

Внешний код: 71895
Дата создания: 08.11.2019 16:58:07
Дата изменения: 08.11.2019 16:58:07

Қостанайда Қазақстан халқы Ассамблеясы Республикалық  Аналар кеңесінің отырысы өтті 31/10/2019 Қостанайда Қазақстан халқы Ассамблеясы Республикалық Аналар кеңесінің отырысы өтті

Отырыс барысына ҚР Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі – Төраға орынбасары Жансейіт Түймебаев, Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов, ҚХА Аналар кеңесінің, облыстың және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының этномәдени бірлестіктерінің төрағалары мен мүшелері қатысты.

Внешний код: 71523
Дата создания: 01.11.2019 16:00:49
Дата изменения: 08.11.2019 16:59:21

Облыс әкімдігінің кеңесінде тұрғын-үй құрылысының  жетістіктері талқыланды 28/10/2019 Облыс әкімдігінің кеңесінде тұрғын-үй құрылысының жетістіктері талқыланды

Дүйсенбіде қалалар мен аудандар әкімдерінің қатысуымен облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің төрағалығымен өткен селекторлық кеңесте тұрғын үй мәселелері талқыланды.

Внешний код: 71339
Дата создания: 29.10.2019 16:22:26
Дата изменения: 29.10.2019 16:22:26

Қоғамдық орындарда мініз-құлық әдебін сақтау 25/10/2019 Қоғамдық орындарда мініз-құлық әдебін сақтау

Ағымдағы жылғы 25 қазан күні облыс әкімі аппаратында қызметтік әдепті нығайту іс-шаралар жоспарын орындау шенберінде қоғамдық сарапшылардың қатысуымен «Қоғамдық орындарда мініз-құлық әдебін сақтау» семинар-кеңесі өткізілді.

Внешний код: 71183
Дата создания: 25.10.2019 17:28:36
Дата изменения: 25.10.2019 17:38:49

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қазақстанда алғаш рет шығарылған «Кировец» тракторын сынап көрді 23/10/2019 ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қазақстанда алғаш рет шығарылған «Кировец» тракторын сынап көрді
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бастамашы болған Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуына, сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қостанай облысының өнеркәсіптік әлеуетін дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуына бақылау орнату аясында өңірге жұмыс сапарымен барды. 

Внешний код: 71053
Дата создания: 23.10.2019 20:55:44
Дата изменения: 23.10.2019 20:55:44

«Еңбек»мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері барлық деңгейдегі әкімдердің қатысуымен өткен кеңесте қаралды 14/10/2019 «Еңбек»мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері барлық деңгейдегі әкімдердің қатысуымен өткен кеңесте қаралды

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің төрағалығымен өткен кеңесте «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мәселесі қаралды.

Внешний код: 70607
Дата создания: 14.10.2019 16:55:14
Дата изменения: 14.10.2019 16:55:14

Баспасөз релизі 23/09/2019 Баспасөз релизі

Қостанай облысы әкімдігінің «Әкімдіктің 2016 жылғы 31 қазандағы № 488 «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулының жобасы 2019 жылғы 06 қыркүйек ашық нормативтік құқықтық актілерінің интернет-порталында https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=2416848 жарияланған.

Внешний код: 69567
Дата создания: 23.09.2019 15:51:54
Дата изменения: 23.09.2019 15:51:54


Новости 1 - 10 из 468
Начало | Пред. | 1 2 3 4 5 | След. | Конец Все



Аулиеколь Gismeteo
 
Курс валют в Казахстане