Блог статистикасы
195
Жазбалар
4720
Өтініштер
182803
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
  • Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 1 сәуірдегі № 67 «Кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер алуға құқығы бар азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыз

Ауданың жаналықтары

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

Жоба

 

Әулиекөл ауданы әкімдігінің                      
2016 жылғы 1 сәуірдегі № 67 
«Кемінде    жиырма   бес    пайызға  
жоғарылатылған лауазымдық  
айлықақылар   мен       тарифтік  
мөлшерлемелер алуға құқығы бар
азаматтық қызметшілер болып
табылатын және ауылдық жерде
жұмыс істейтін әлеуметтік
қамсыздандыру, білім беру, мәдениет,
спорт және ветеринария саласындағы
мамандар лауазымдарының тізбесін
айқындау туралы» қаулысына
өзгерістер енгізу туралы


2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің
18-бабының 2) тармақшасына, 139-бабының 9-тармағына сәйкес
Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:    

1.Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 1 сәуірдегі № 67 «Кемінде    жиырма   бес    пайызға   жоғарылатылған лауазымдық   айлықақылар мен       тарифтік   мөлшерлемелер алуға құқығы бар азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6299 болып тіркелген, 2016 жылғы 16 мамырдағы «Әділет» ақпараттық – құқықтық жүйесінде жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы»;

1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

     «1.Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі айқындалсын, осы қаулының қосымшасына сәйкес».

көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. «Әулиекөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;            

2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Әулиекөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Әулиекөл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік
он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудан әкімі                                                                     Ж. Таукенов

 

 

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

 

Әулиекөл аудандық мәслихатының

хатшысы

_________________ Д. Қойшыбаев

2018 жылғы «____»_____________

 

 






 
Курс валют в Казахстане


хат жіберу