Блог статистикасы
195
Жазбалар
4886
Өтініштер
190363
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Басу хат жіберу 21 Июня 2018

Ауданың жаналықтары

Әлем мойындаған алып шаһар

Астана Елбасының, бүкіл қазақстандықтардың, сондай-ақ, айрықша атап өту керек Астана қаласы тұрғындарының еселі еңбегінің арқасында қалыптасты. Жаңа елорда - жаңа бірегей сәулетті ғимарат бой көтерген, ауқымды халықаралық іс-шаралар мен самиттер өтетін, мәдениеттің жаңаша өрлеуіне серпін берген және жаңа миллионер қаланың күнделікті өмірін құрайтын басқа да көптеген істер атқарылып жатқан іргелі мекен.

Елорданы көшіру туралы идея тұңғыш рет 1994 жылы 6 шілдеде Жоғары кеңестің отырысында жарияланғанда Елбасы мұндай аса күрделі шешім қабылдау неге қажет болғанын қысқаша ғана баяндады. Алматының халқы бір жарым миллионға жеткені, жаңа құрылыстар салуға тығыздық ететіні, экологиялық жағдайы да айтылды.

1997 жылы 10 желтоқсанда Астанаға көшірілді. 1998 жылдың 6 мамырында Ақмоланың атауы Астана деп өзгертілді. Міне, осы уақыттан бері жиырма жыл өтті. Алға қойған мақсат-міндеттер қаншалықты жүзеге асты?

Ең бастысы, қазіргі таңда Елорда миллион тұрғыны бар қалаға айналды. 1994 жылы Ақмолада 300 мыңға жуық қана адам тұрған. Арада жиырма жылдың ішінде тұрғындар саны таңғаларлық қарқынмен өсіп, Астана миллионнан астам тұрғыны бар мегаполиске айналды. Кезінде қазақ халқының саны тек қана 17 пайыз болса, осы уақыт аралығында бұл көрсеткіш 80 пайызға жақындап қалды.

Астананың мәдени жетістіктеріне тоқталатын болсақ, бас қала Еуразияның ірі мәдени орталығына айналып, ЮНЕСКО шешімімен «Әлем қаласы» атанды. Ұлттық өнер университеті, «Қазақстан» концерт залы, Тұңғыш Президент кітапханасы, «Астана опера», «Астана балет» театрлары, Ұлттық кітапхана мен Ұлттық мұрағат, Ұлттық музей сияқты сәулет өнерінің озық үлгілері бой көтерді. Қазіргі таңда Астана қаласында 65 мәдениет ұйымы қызмет етіп отыр, солардың ішінде 7 сарай мен концерт залы, 7 театр, 5 мұражай, 1 цирк, 6 кинотеатр, 4 жеке көркем сурет галереясы, 20 кітапхана, 8 мәдениет және демалыс саябағы бар. Кейінгі жылдары салынған «Астана Арена» стадионы, «Сарыарқа» велотрегі, халықаралық стандарттарға сай «Алау» мұзайдыны бар.

Тоқсаныншы жылдар басында Ақмолада жалғыз қазақ мектебі болыпты. Бүгінгі күндері аралас мектептерді санамағанда, таза қазақ тілінде білім беретін мектептердің саны 31-ге жетіп отыр. Соңғы 20 жылдың ішінде қалада жаңадан 53 мектеп, шамамен 300 мектепке дейінгі білім беру ұйымы, 29 колледж, оқушылар сарайлары ашылды. Биылғы жылы алғаш мектеп табалдырығын аттайтын елордалық балалар 20 мыңға жуық деп болжануда.

Жаңа Елордамыз экономиканы, мәдениетті, ғылым мен білімді қарқынды дамыту, демографиялық көрсеткіштерді жақсарту ісіне тың серпін берді. Елордамыз Алматыдан Астанаға ауыстырылған күннен бастап дамудың барлық сатысынан өтті. Бүгінде Астана бір кездегі шағын ғана қаладан бүкіл әлем мойындаған алып шаһарға айналды.

“Егемен Қазақстан” газеті, №108, 12 маусым, 2018 жыл




 
Курс валют в Казахстане


хат жіберу