Жаңа жыл балалық шақтың жарқын естеліктерін еске түсіріп, айрықша шаттыққа бөлейтін мереке. Осындай қуанышқа толы дәстүрлі аудан әкімінің Жаңа жылдық шыршасы кеше, яғни сәрсенбінің сәтті күні «Береке» шатханасында өтті.

Мерекелік іс-шараға аз қамтылған, көпбалалы отбасыларының және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатысты. Жарқ-жұрқ еткен көйлек киіп, шабытқа бөленіп келген балаларды жарқыраған ойыншықтар мен моншақтарға оранып сахна төрінде тұрған жасыл шырша мен тәтті дәмге толы мерекелік дастарқан күтіп тұрды.

Жасыл шырша аясына жиналған балаларды аудан әкімі Ж.Таукенов құттықтап, жүрекжарды лебізін арнады.

- Қадірлі балақандар, сіздерді келе жатқан Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймын. Бұл мереке тек балалардың ғана мерекесі емес, оны үлкендер де ерекше үмітпен, жаңа жаңалықтарымен күтеді. Әр адам алдағы жылы бәрі өзгеше боларына іштей сенеді.

Ал, балалар , сендерге оқуда озат болып, өмірде аңсаған армандарыңа жетіп, ертеңгі еліміздің еңсесін тіктей түсуге сүбелі үлес қосуларыңға тілектеспін, - дей келе, балаларға арнайы жаңа жылдық сыйлық табыстады. Таласа-тармаса сыйлық алған бүлдіршіндердің қуанышты жүзін көрудің өзі бір ғанибет. Одан кейін Жансұлтан Қоңыртайұлы балғындармен бірге хоровод айтып, айналып, қуаныштарымен бөлісті.

Бұл күні мерекеге барлық ертегі кейіпкерлері, атап айтсақ, Буратино, Мальвина, Мыстан кемпір, Карабас, Барабас, Алдар көсе, мультфильм кейіпкерлері және өтіп бара жатқан Мешін жылы, оның ізін ала келе жатқан Тауық жылы да қонаққа келді.

Ақ таяғын таянып, ақ сақалы желбіреп Аяз ата ортаға шы­ғып, сиқырлы таяғымен алуан түрлі ойыншықтарға көміліп тұрған жасыл шыршаның шамдарын жаққанда залды балалардың қуанышты у-шуы кернеді. Бұл мерекеде балалар Аяз ата мен Ақшақармен кездескендеріне мәз болды, өйткені олар өздерімен бірге тәтті сыйлықтар ғана емес, сонымен қатар, көптеген жаңа жылдық ойындар, тосын сыйлар мен қызықты хороводтарды сыйлады. Сиқыршы болса неше түрлі сиқыр көрсетіп, балаларды таң-тамаша қалдырды. Ертегілер әлемінің құша­ғын­дағы балалар көп ұзамай өздері де осы көріністің қаһарманына айна­лып кеткенін де байқамай қалғандай. Балғындарға мұндай мереке өте маңызды. Өйткені кішкентай бүлдіршіндер ертегіге сенеді, жаңа жылда арман-тілектері орындалады деп ойлайды. Мереке шырайын кіргіз­ген Аяз ата бүлдіршіндердің өлең-жы­рын, тақпақтарын тыңдап, қоржынына қол салып базар­лығын таратты. Осындай жаңа жылдық әдемі кеш балалардың есінде көпке дейін сақталып қалатыны анық.

Жұмакүл ХАКІМЖАНОВА

Суретті түсірген Марат ИСМАИЛОВ

Пресс-релиз 12/09/2019 Пресс-релиз

Мәслихаттың 2017 жылғы 15 наурыздағы № 130 «Қостанай облысының қалалары мен елдi мекендерiнiң жасыл екпелерiн күтiп-ұстау және қорғау қағидаларын, аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекiту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы мәслихаттың шешімінің жобасы                 2019 жылғы 12 шілдеде ашық нормативтік құқықтық актілерінің порталында https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcate gory?id»6789&type2. жарияланған.


Внешний код: 69105
Дата создания: 12.09.2019 17:03:37
Дата изменения: 12.09.2019 17:03:37

Пресс-релиз 12/09/2019 Пресс-релиз

Сыртқы (көрнекі) жарнаманы Қостанай облысының елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастыру тәртібі мен шарттары қағидаларын бекіту туралы

мәслихаттың шешімінің жобасы 2019 жылғы 1 шілдеде ашық нормативтік құқықтық актілерінің порталында https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcate gory?id»6789&type2. жарияланған.

Внешний код: 69100
Дата создания: 12.09.2019 16:54:02
Дата изменения: 12.09.2019 16:58:01

Баспасөз-релиз 05/09/2019 Баспасөз-релиз
Қостанай облыстық мәслихаттың «Мәслихаттың 2018 жылғы 12 желтоқсандағы

Внешний код: 68837
Дата создания: 05.09.2019 14:46:38
Дата изменения: 16.09.2019 16:12:24

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша кеңес 03/09/2019 Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша кеңес

Бүгін Қостанай облысының әкімдігінде облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің төрағалығымен актив отырысы өтті, онда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанныңтұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында берген бағыттары қаралды.

Внешний код: 68890
Дата создания: 06.09.2019 15:52:40
Дата изменения: 06.09.2019 15:56:01

Азаматтарды жеке қабылдау 02/09/2019 Азаматтарды жеке қабылдау

Ағымдағы жылғы 9 қыркүйекте сағат 15.00-де ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік инспекторы Б.К. Қасенов Қостанай облысына жұмыс бабымен келу барысында азаматтарды жеке қабылдайтын болады.

Внешний код: 68655
Дата создания: 02.09.2019 19:14:13
Дата изменения: 02.09.2019 19:19:38

Қостанай облысының әкімі А. Б. Мұхамбетов жұмыс сапарымен Қарасу ауданында болды 26/08/2019 Қостанай облысының әкімі А. Б. Мұхамбетов жұмыс сапарымен Қарасу ауданында болды

23 тамызда облыс әкімі Архимед Мұхамбетов жұмыс сапарымен Қарасу ауданында болды.

Внешний код: 68232
Дата создания: 26.08.2019 15:09:58
Дата изменения: 26.08.2019 15:09:58

Мемлекет басшысы Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовті қабылдады 21/08/2019 Мемлекет басшысы Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовті қабылдады
Президентке өңірдегі астық жинау жұмыстарына дайындық барысы, агроөнеркәсіп кешенінің дамуы, сондай-ақ машина жасау саласындағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы жөнінде мәлімет берілді.

Внешний код: 68034
Дата создания: 21.08.2019 22:25:13
Дата изменения: 21.08.2019 22:25:13

Баспасөз релизі 21/08/2019 Баспасөз релизі

«Әкімдіктің 2017 жылғы 21 маусымдағы № 311 «Қостанай облысының тірек ауылдық елді мекенlt тізбе айқындау туралы қаулы өзгеріс енгізу туралы» Қостанай облысы әкімдігінің қаулы жобасы 2019 жылғы 05 тамызда ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=2397473 жарияланды.


Внешний код: 68012
Дата создания: 21.08.2019 16:22:59
Дата изменения: 21.08.2019 16:22:59

«Өзгенің қателіктерінен сабақ ал» 20/08/2019 «Өзгенің қателіктерінен сабақ ал»

20 тамызда облыс әкімінің аппаратында Мемлекеттік қызметте қызметтік әдеп стандарттарын нығайту жөніндегі негізгі іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде «Тәртіптік қылықтар мен жауапкершілік: тәжірибе және өткен күндердің сабағы» тақырыбына диалог алаңы өткізілді.

Внешний код: 67928
Дата создания: 20.08.2019 18:12:30
Дата изменения: 20.08.2019 18:12:30

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Қостанай облысында болып қайтты 15/08/2019 ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Қостанай облысында болып қайтты
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Қостанай облысында болып, өңірдің индустриялық және инфрақұрылымдық даму барысымен танысты.

Внешний код: 67742
Дата создания: 15.08.2019 18:17:46
Дата изменения: 15.08.2019 18:17:46


Новости 41 - 50 из 494
Начало | Пред. | 3 4 5 6 7 | След. | Конец Все



Аулиеколь Gismeteo
 
Курс валют в Казахстане