Жаңа жыл балалық шақтың жарқын естеліктерін еске түсіріп, айрықша шаттыққа бөлейтін мереке. Осындай қуанышқа толы дәстүрлі аудан әкімінің Жаңа жылдық шыршасы кеше, яғни сәрсенбінің сәтті күні «Береке» шатханасында өтті.

Мерекелік іс-шараға аз қамтылған, көпбалалы отбасыларының және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатысты. Жарқ-жұрқ еткен көйлек киіп, шабытқа бөленіп келген балаларды жарқыраған ойыншықтар мен моншақтарға оранып сахна төрінде тұрған жасыл шырша мен тәтті дәмге толы мерекелік дастарқан күтіп тұрды.

Жасыл шырша аясына жиналған балаларды аудан әкімі Ж.Таукенов құттықтап, жүрекжарды лебізін арнады.

- Қадірлі балақандар, сіздерді келе жатқан Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймын. Бұл мереке тек балалардың ғана мерекесі емес, оны үлкендер де ерекше үмітпен, жаңа жаңалықтарымен күтеді. Әр адам алдағы жылы бәрі өзгеше боларына іштей сенеді.

Ал, балалар , сендерге оқуда озат болып, өмірде аңсаған армандарыңа жетіп, ертеңгі еліміздің еңсесін тіктей түсуге сүбелі үлес қосуларыңға тілектеспін, - дей келе, балаларға арнайы жаңа жылдық сыйлық табыстады. Таласа-тармаса сыйлық алған бүлдіршіндердің қуанышты жүзін көрудің өзі бір ғанибет. Одан кейін Жансұлтан Қоңыртайұлы балғындармен бірге хоровод айтып, айналып, қуаныштарымен бөлісті.

Бұл күні мерекеге барлық ертегі кейіпкерлері, атап айтсақ, Буратино, Мальвина, Мыстан кемпір, Карабас, Барабас, Алдар көсе, мультфильм кейіпкерлері және өтіп бара жатқан Мешін жылы, оның ізін ала келе жатқан Тауық жылы да қонаққа келді.

Ақ таяғын таянып, ақ сақалы желбіреп Аяз ата ортаға шы­ғып, сиқырлы таяғымен алуан түрлі ойыншықтарға көміліп тұрған жасыл шыршаның шамдарын жаққанда залды балалардың қуанышты у-шуы кернеді. Бұл мерекеде балалар Аяз ата мен Ақшақармен кездескендеріне мәз болды, өйткені олар өздерімен бірге тәтті сыйлықтар ғана емес, сонымен қатар, көптеген жаңа жылдық ойындар, тосын сыйлар мен қызықты хороводтарды сыйлады. Сиқыршы болса неше түрлі сиқыр көрсетіп, балаларды таң-тамаша қалдырды. Ертегілер әлемінің құша­ғын­дағы балалар көп ұзамай өздері де осы көріністің қаһарманына айна­лып кеткенін де байқамай қалғандай. Балғындарға мұндай мереке өте маңызды. Өйткені кішкентай бүлдіршіндер ертегіге сенеді, жаңа жылда арман-тілектері орындалады деп ойлайды. Мереке шырайын кіргіз­ген Аяз ата бүлдіршіндердің өлең-жы­рын, тақпақтарын тыңдап, қоржынына қол салып базар­лығын таратты. Осындай жаңа жылдық әдемі кеш балалардың есінде көпке дейін сақталып қалатыны анық.

Жұмакүл ХАКІМЖАНОВА

Суретті түсірген Марат ИСМАИЛОВ

2016 жылдың 16 мамырында Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Қостанай облыстық ұйымы Қостанай облысы білім бөлімдерінің еңбек жөніндегі уәкілдермен оқыту семинарын өткізді. 27/05/2016 2016 жылдың 16 мамырында Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Қостанай облыстық ұйымы Қостанай облысы білім бөлімдерінің еңбек жөніндегі уәкілдермен оқыту семинарын өткізді.
Семинардың жұмысына Қостанай облысы әкімдігінің еңбек жөніндегі инспекциясын басқару Департаментінің өкілдері қатысты.

Внешний код: 9946
Дата создания: 30.05.2016 08:51:40
Дата изменения: 30.05.2016 08:51:40

ҚР Президенті қоғамдық жаңғырық туғызған Жер кодексінің бірқатар нормаларына 2017 жылға дейін мораторий жариялады 06/05/2016 ҚР Президенті қоғамдық жаңғырық туғызған Жер кодексінің бірқатар нормаларына 2017 жылға дейін мораторий жариялады
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың  төрағалығымен күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде кеңес өтті,  деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Внешний код: 8926
Дата создания: 06.05.2016 13:09:35
Дата изменения: 06.05.2016 13:15:12

Краснооктябрь боксит кенішіне карьер жолдарының шаңын басатын және суландыратын  заманауи  техника сатып алынды 26/04/2016 Краснооктябрь боксит кенішіне карьер жолдарының шаңын басатын және суландыратын заманауи техника сатып алынды

Еуразиялық Топ (ERG)  құрамына кіретін «Қазақстан алюминийі» АҚ филиалы – Краснооктябрь боксит кенішінежарамсыз болып, қатардан шығып қалған жабдықтарды алмастыратын БелАЗ-7643 маркілі жаңаүш су шашатын машина жеткізілді.

Внешний код: 8341
Дата создания: 26.04.2016 14:33:28
Дата изменения: 26.04.2016 14:33:28

ССКӨБ металл илектеу зауыты өнімнің жаңа түрі –  блюмсты шығаруға көшті 14/04/2016 ССКӨБ металл илектеу зауыты өнімнің жаңа түрі – блюмсты шығаруға көшті

Еуразиялық Топ (ERG) құрамына кіретін «Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі» АҚ металл илектеу зауытында блюмстердің сынамалық партиясы – алғашқы 24 тонна өнім шығарылды.

Внешний код: 7806
Дата создания: 14.04.2016 09:00:33
Дата изменения: 14.04.2016 09:00:33

Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті 04/04/2016 Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті
Кеше, яғни 31-наурызда Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi облыстық комиссиясының отырысы өтті.

Внешний код: 7253
Дата создания: 04.04.2016 09:29:16
Дата изменения: 04.04.2016 09:29:16

«ССКӨБ» АҚ «Стрела» Бағдарламасының бизнес-шешімдерін іске қосты 01/04/2016 «ССКӨБ» АҚ «Стрела» Бағдарламасының бизнес-шешімдерін іске қосты
1 сәуірде «ССКӨБ» АҚ «Стрела» Бағдарламасының бизнес-шешімдерін іске қосуға арналған салтанатты шарада қойма шаруашылығы учаскесінің аға қалаушысы Елена Мұқашева SAP жүйесінде алғашқы символикалық транзакцияны жүзеге асырды.

Внешний код: 7243
Дата создания: 01.04.2016 17:56:10
Дата изменения: 01.04.2016 17:56:10

ССКӨБ кен дайындау және байыту фабрикасындағы кептіру желісінің  өнімділігі 25 пайызға артты 30/03/2016 ССКӨБ кен дайындау және байыту фабрикасындағы кептіру желісінің өнімділігі 25 пайызға артты
Еуразиялық Топ құрамына кіретін Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігінің кен дайындау және байыту фабрикасында ауқымды жоба аяқталды. Инвестициялық бағдарлама шеңберінде мұнда барлық кептіру желілері жаңғыртылды. Соңғылардың бірі болып №6 желі қайта іске қосылды.

Внешний код: 7079
Дата создания: 30.03.2016 12:27:19
Дата изменения: 30.03.2016 12:27:19

Құрметті қостанайлықтар! 21/03/2016 Құрметті қостанайлықтар!

Внешний код: 6767
Дата создания: 21.03.2016 10:28:41
Дата изменения: 21.03.2016 10:28:41

«Наурыз мейрамы»- 2016 18/03/2016 «Наурыз мейрамы»- 2016
Наурыз мейрамына арналған қалалық іс-шаралар мәдени, ойын-сауық және спорт іс-шараларынан тұрады.

Внешний код: 6752
Дата создания: 18.03.2016 14:43:19
Дата изменения: 18.03.2016 14:43:19

Бірлік күші. Спорт күші. Жеңіс күші. 18/03/2016 Бірлік күші. Спорт күші. Жеңіс күші.
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Қостанай облыстық ұйымы ұйымдастырған кезекті ХХІІ облыстық қысқы спартакиадада Қостанай облысының білім қызметкерлері спортқа дағдылануын, спортқа және жалпы салауатты өмір салтына шынайы берілгендерін көрсетті.

Внешний код: 6710
Дата создания: 18.03.2016 09:03:25
Дата изменения: 18.03.2016 09:03:25


Новости 471 - 480 из 494
Начало | Пред. | 46 47 48 49 50 | След. | Конец Все



Аулиеколь Gismeteo
 
Курс валют в Казахстане