Статистика блога
195
Записей
4742
Обращений
183630
Посетителей
Областные Управления
(финансируемые из местного бюджета)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Тіл - татулық тірегі

Астананың – 20, ауданның құрылғанының 90 жылдық мерейтойы қарсаңында аудандық тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен Тілдер мерекесі өтті.

Жүз отыздан астам ұлт пен ұлыстың өкілдері бір шаңырақтың астында бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, тату-тәтті өмір сүріп жатқан қазақ елінде бүгін айтулы мереке.

Тілдер мерекесінде сөз алған «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Марат Есенғалиев барша жиналған қауымды құттықтап, биылдан бастап 5 қыркүйек - Қазақстан халқы тілдерінің күні болып бекітілгенін айтты. «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деп ұлағатты сөз қалдырған, Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының дүниеге келген күні Тіл мерекесімен қоса тойланатыны қалың қазақ үшін өте қуанышты екенін айтып құттықтады.


Бұл күні мемлекеттік тілді дамытуға өз үлестерін қосып, облыстық деңгейде өткізілген байқауларда жақсы өнер көрсетіп жүрген тіл жанашырлары Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектебінің мұғалімі, Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлері облыстық байқауының І орын иегері Айдос Оспанов, Тимофеев орта мектебінің түлегі, мемлекеттік тілді жақсы меңгерген өзге ұлт өкілдерінің арасында ұйымдастырылған облыстық «Тілдарын» байқауының «Сөз шебері» номинациясының иегері Халмұрат Байметов, аудандық тілдерді оқыту орталығының есепшісі Ғазиза Кешуовалар аудан әкімінің мадақтамаларымен марапатталды.

«Текті сөздің төресі - терме» атты ақын-жыршылардың облыстық байқауына қатысқан Мейрамбек Жетпісбаев, «Мемлекеттік тіл - мемлекеттік қызметте» облыстық байқауына белсенді қатысқаны үшін Қазанбасы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Маржангүл Бірахметова, жетекші мамандары Маржан Төрешова мен Гүлбану Әшімоваларға аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мадақтамасы табыс етілді.

Бұл күні сахнадан мәдениет үйінің және өнер мектебінің өнерпаздары жүрекке жақын әсем ән сыйлап, көрермендердің қошеметіне бөленді.


Сері жігіт, ару қыз                                        

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ауданның 90 жылдық мерейтойына орай «Сері– жігіт, ару - қыз» байқауы өтті. Сайысқа

Шыңғысхан Әмірхамзин мен Самал Мирманова (Новонежин), Ерболат Жұмабаев пен Маржан Әбілова (Құсмұрын), Әуезхан Балабаев пен Айгүл Есімбекова (Диев), Әділхан Уәлихан мен Қызжібек Көшербекова (Қазанбасы), Досбол Абухалимов пен Данагүл Нығметжанова (Сұлукөл) есімді сегіз қырлы бір сырлы жігіттер мен қызғалдақтай құлпырған арулар сынға түсті.

Байқау төрт: «Ауылым алтын бесігім», «Ойлан тап», «Қолөнер», «Кел шырқайық» кезеңінен тұрды. Бірінші бөлімде сайыскерлер өз ауылдарының тыныс-тіршілігін, жеткен жетістіктерін, ауыл өмірімен таныстырды. Үміткерлер екінші кезеңде слайд арқылы көрсетілген қазақы нақыштағы бұйымдарды тауып, атын атап, ол туралы қысқаша түсінік берді. Үшіншіде – қатысушылар өздерінің қолдан жасаған бұйымдарымен таныстырады. Мысалы, Шыңғысхан Қасенғалиұлы оюлы сандық пен қамшыны қалай өргенін бүге-шігесіне дейін айтып берді. Самал Ақылбекқызы тойға арнап дорба және көзің жауын алатын көрпе тікті. Ерболат Қуандықұлы да қамшы жасап әкеліп, оны қалай жасағанын айтты. Маржан Сұңқарбекқызы кішкентай биші қызға ұлттық нақыштағы қазақы көйлек тігіпті. Әділхан Уәлиханұлы өнерлі де ақынжанды жігіт, бесік жасаған. Қызжібек Досқалиқызы қолдан тоқыған бұйымдарын ұсынды. Әуезхан Мақсұтұлы мен Айгүл Рамазанқызы газеттен себетті қалай тоқуға болатынын түсіндірді. Досбол Кенжебекұлы қағаздан күйме жасады, ал Данагүл Бекқызы болса фетродан кішкентай қызға сәукеле жасаған. Соңғы бөлімде, бес жұп та сахнаға шығып үлкен сахнада жүрген эстрадалық жұптардың әндерін орындап, көрермендерді шабытқа бөледі.

Екі сағатқа созылған байқау да өз мәресіне жетті. Құрамында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Марат Есенғалиев, мәдениет және тілдерді дамыту орталығының басшысы Жібек Токаева, өнер мектебінің директоры Айнұр Қалиева бар әділқазылар алқасының шешімімен ұпай саны бойынша Әділхан Уәлихан мен Қызжібек Көшербекова (Қазанбасы) – үшінші, Досбол Абухалимов пен Данагүл Нығметжанова (Сұлукөл) екінші орынға ие болса, Ерболат Жұмабаев пен Маржан Әбілова (Құсмұрын) топ жарып бірінші орынды қанжығасына байлады. Барлық қатысушылар грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды.

Сайыскерлерді бірінен бірі өткен, қолдары шебер, өнерлі, жан-жақты. Бір сөзбен айтқанда, екі сағатқа созылған мерекелік концерт бір демде өтіп, көрермендерге мерекелік көңіл-күй сыйлады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, осы байқауды ұйымдастырарда барлық ауылдық округтерге хабарласқан көрінеді, бірақ әкімдіктен бізден сайысқа қатысатын қатысушылар жоқ дегенді сылтауратқан. Көрермендер, әсіресе, ақсақалды аталар мен ағалар, ақ жаулықты аналар сайысқа келіп, оларды қолпащтап, қол шапалағын аянып қалмады.

Жұмакүл ХАКІМЖАНОВА

Суреттерді түсірген автор

Отправить письмом