Статистика блога
195
Записей
4736
Обращений
183423
Посетителей
Областные Управления
(финансируемые из местного бюджета)
Горянная Роза Балагерденовна
И.О. Руководителя управления предпринимательства и индустриально-инновационного развития

Контактная информация

Адрес: 110000, г.Костанай, пр.Аль-Фараби 65, каб.909 E-mail: upp@kostanay.gov.kz Телефон: 8 7142 575-240

Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
Горянная Роза Балагерденовна
И.О. Руководителя управления предпринимательства и индустриально-инновационного развития

Контактная информация

Адрес: 110000, г.Костанай, пр.Аль-Фараби 65, каб.909 E-mail: upp@kostanay.gov.kz Телефон: 8 7142 575-240

Біртуар перзент ұлықталды


Біртуар перзент ұлықталды

Үстіміздегі жыл еліміз үшін де, аудан үшін де мерейтойларға толы. Атап айтсақ, Астана қаласының 20 және Әулиекөл ауданының 90 жылдығы, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, өткен жұма күні аудан орталығындағы Хасен Жылгелдин көшесінің төріне стелла (белгі) орнатылды.


Осы игі іс-шараға аудан әкімінің орынбасары, ардақты ардагерлер, туған-туыстары, Е.Асанбаев пен Х.Жылгелдин көшелерінің тұрғындары қатысты. Іс-шара басталысымен Әмит ишан мешітінің имамы Нұрбол қажы Балахметов марқұмның аруағына арнап құран бағыштады.


Салтанатты рәсімге қатысқан және сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Мейрамхан Бейсенов, ауданның Құрметті азаматы, құдасы Әкімбек қажы Қабден, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қабыл Нұрмұхамедов, Әулиекөл селосы ардагерлер кеңесінің төрайымы Гаухар Аязбаевалар Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасында жас ұрпақ асыл перзенттерінің есімдерін білуі тиіс деп атап өткен болатын. Бүгінгі күн соның жарқын бір көрінісі деп атап өтті. Халқы үшін еңбегі сіңген Хасен Жылгелдиннің есімін мәңгілікке қалдыру үшін марқұм күйеу баласы Бағытқали Жамалиев көп еңбек сіңірді. Осылайша, бұрынғы Мельничный көшесіне 1993 жылы мемлекет қайраткерінің есімі берілген болатын. Бүкіл саналы ғұмырын елінің өсіп-өркендеуіне арнаған біртуар азамат есімі Қостанай облысының алтын қорына енгізілгенін және осындай құптарлық игі шараның ұрпақ тәрбиесі үшін маңызының зор екенін тілге тиек етті. Х.Жылгелдиннің ұлы Марат Хасенұлы әкесінің қызметтес болған әріптестері ол кісімен кездесудің өзі бір ғанибет екенін, салиқалы, сауатты, киелі кеңестің, мәнді мәслихаттың адамы деп айтатынын тебірене еске алған естелік легін ағытты.


Ескерткіш белгіні ашу құрметіне аудан әкімінің орынбасары Мейрамхан Бейсенов пен Х.Жылгелдиннің немересі Ардақ Маратұлы ие болды. Гүл шоқтары қойылды. Ата рухына тағзым етілді. Той шашусыз бола ма, шашу шашылды.

Мемлекет қайраткері Х.Жылгелдиннің өмірбаянына тоқталар болсақ, 1897 жылы Семиозер аумағындағы Аманқарағай болысының 2-ші ауылындағы кедей шаруаның отбасында дүниеге келген. 1924 жылға дейін жалшылықта жүреді. 1925 жылы Қостанай губерниялық шаруашылық-партия мектебін бітіреді. Аманқарағай, Семиозер болыстық комитеті төрағасының орынбасары, төрағасы, «Қосшы» одағының төрағасы болды. 1928-1933 жылдары Семиозер атқару комитетінің төрағасы, 1934-1941 жылдары Қостанай облыстық партия комитетінің нұсқаушысы, Ойыл, Мартөк Ақтөбе облысы және Мендіқара, Қарабалық Қостанай облысы аудандық партия комитеттерінің бірінші хатшысы, 1942-1947 жылдары Жанкелдин аудандық атқару комитетінің төрағасы, 1947-1952 жылдары Семиозер аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарады.

Қажырлы еңбегі үшін Х.Жылгелдин екі мәрте Жоғарғы Кеңестің депутаты болып сайланған, ІІ дәрежелі Отан соғысы және «Құрмет белгісі» ордендерімен, «Ерен еңбегі үшін», «Ұлы Отан соғысы 1941-1945 жж.» және «Тыңайған жерлерді игергені үшін», «В.И.Лениннің 100 жыл туғанына» медальдарымен, Қазақ ССР Жоғарғы Советінің грамотасымен және партия қатарында «50 жыл» төс белгісімен марапатталады. Республикалық дәрежедегі дербес зейнеткер, еңбек ардагері.

Артында өшпес із қалдырған Хасен Жылгелдіұлы құдай қосқан қосағы Бигүлшін Мырзахметқызымен төрт ұл мен бес қызды тәрбиелеп өсіріп, балаларына саналы тәрбие мен білім береді. Бүгінде өркен жайған ұрпағынан отыз немере мен отыз алты шөбере өсіп келеді. Әке мұрасы – ұрпаққа ұлағат-өнеге.

Еліне елеулі, халқына қалаулы болған асыл азамат Х.Жылгелдин көзі кетсе де, өмірде ізі, елінде мәңгі өшпес аты қалса, енді бейнесі өзі аталатын көшенің төрінде тастан мәңгілікке ескерткіш болып орнатылды. Соңынан ас беріліп, құран оқытылды.

Мемлекет қайраткерінің атындағы көшенің тұрғындары бұдан былай көшелерін көгалдандырып,тазалығын сақтап отырады деген ниеттеміз.

Жұмакүл СЫЗДЫҚОВА

Суреттерді түсірген автор

Отправить письмом